Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚДКБҚ ұсынатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12%-ға дейін төмендейді


«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерге ұсынатын теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесін қайта қарап шықты.

«ҚДКБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 1 шілдеден бастап:

  • жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жаңадан тартылған депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12%-ға дейін төмендетіледі;
  • жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі – сол деңгейде сақталады (1%).

Депозит нарығының конъюнктурасы күрт өзгерген жағдайда, бұл мөлшерлемелерді Директорлар кеңесі және (немесе) «ҚДКБҚ» АҚ-ның жалғыз акционері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қайта қарауы мүмкін.

Анықтама

Жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін анықтау және бекіту Әдістемесіне сәйкес айқындалады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚДКБҚ Директорлар кеңесі бекітетін және ұстану үшін депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерге ұсынылатын жеке тұлғалардың салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі номиналды мөлшерлемеге емес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелеріне байланысты.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейлі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған ұйымы.

Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттар) кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.

Заңнамаға сәйкес кепілдік жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Мемлекеттік кепілдіктің ең жоғары сомасы бір салымшыға бір банк үшін ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан күнгі баламада).

Қосымша ақпарат – ҚДКБҚ www.kdif.kz ресми интернет-сайтында.

ҚДКБҚ мамандарынан мына телефон арқылы ақыл-кеңес алуға болады: 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін).

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!