Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелері

 

Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен (23.11.2018ж. №21 хаттама) жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша қолданыстағы ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері (Қормен ұсынылатын) және өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар ұлттық валютадағы депозиттер бойынша максималды спредтер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгеріссіз қалады:

Тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемелері (%)
  Белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттер санаты Нарықтық сыйақы Спред

Жоғары сыйақы
мөлшерлемесі

Толтыру құқығы

ҰВЖС
толтыру құқығының құнын ескере отырып

  (1) (2) (3) (4) = (2) + (3) (5) (6) = (4) – (5)

1

Ұлттық валютадағы салымдар

         
1.1. Шұғыл талаптарға сәйкес келмейтін депозиттер     10,50%   10,50%
1.2. Шұғыл талаптарға сәйкес келетін депозиттер          
  3 ай 9,50% 1,50% 11,00%   11,00%
  6 ай 10,30% 1,50% 11,80% 0,80% 11,00%
  12 ай 11,30% 0,70% 12,00% 1,00% 11,00%
  24 ай 11,00% 1,50% 12,50% 2,00% 10,50%
1.3. Жинақ депозиттері          
  3 ай 9,50% 2,50% 12,00%   12,00%
  6 ай 10,30% 2,50% 12,80% 0,80% 12,00%
  12 ай 11,30% 1,70% 13,00% 1,00% 12,00%
  24 ай 11,00% 2,50% 13,50% 2,00% 11,50%
2. Шетел валютасындағы депозиттер     1,00%   1,00%

 

Бекітілген сыйақы мөлшерлемелері Қордың Директорлар Кеңесінің талабымен депозит нарығының конъюнктурасының күрт өзгеруі жағдайында қайта қарастырылуы мүмкін.

Өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар ұлттық валютадағы депозиттер бойынша максималды спредтер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар ұлттық валютадағы депозиттер бойынша максималды спредтер (%)
  Базалық көрсеткіш Спред (%)
1 ҚРҰБ базалық ставкасы 1,00%
2 Инфляция деңгейі 2,00%
3 TONIA 1,00%
4 TWINA 1,00%

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылы 2 шілдедегі № 168-VI Заңы бойынша, талап етiлмелi салым бойынша сыйақы мөлшерi банк салымы шартында белгiленедi, бiрақ жылдық мөлшерi 0,1% артық бола алмайды, ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!