Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша кепілдік

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 2 минут
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)2292918

«ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында «Депозиттер бойынша кепілдік» бөлімі пайда болды


29 маусымнан бастап «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын пайдаланушылар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қызметкерлерінен тікелей депозиттерді заңнамалық тұрғыдан қорғау туралы сұрақтарға «Депозиттер бойынша кепілдік» деген жаңа бөлімнен жауап алады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтатқан жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 32 банк кіреді.

ҚДКҚ кепілдігі жеке тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің салымдарына және банк шоттарына, оның ішінде білім беру саласындағы салымдарға және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылысында жинақталған ақшаға беріледі. Депозиттер және банк шоттары бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы:

  • ұлттық валютадағы депозиттер және банк шоттары бойынша – 10 миллион теңгеге дейін;
  • шетел валютасындағы депозиттер және банк шоттары бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.

(салымшының бір банкте түрі мен валютасы әр түрлі бірнеше депозиттері және банк шоттары бар болса, кепілдіктің ең жоғары сомасы 10 миллион теңгеден аспайды).

2016 жылғы қарашада іске қосылған «ҚҰБ Online» қызмет көрсетуі Ұлттық Банктің қызметіне қатысты мәселелер бойынша халықпен өзара іс-қимылын жылдамдатуға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. «ҚҰБ Online» WhatsApp, Viber немесе Telegram сияқты танымал сервистер сияқты заманауи мессенджерді білдіреді, пайдаланушы оның көмегімен тікелей Ұлттық Банкке сұрақтармен, проблемалармен, ұсыныстармен өтініш жасай алады.

«ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын мемлекеттік тілде және орыс тілінде iOS және Android платформаларында App Store және Play Market дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!