Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Астана Банкі» АҚ-на қатысты апелляциялық шағымдарды қарастыру 9 қаңтарға жоспарланып отыр


27 желтоқсанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Астана Банкі» АҚ-ын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі сотқа алты заңды тұлғалар және үш жеке тұлғалардың апелляциялық шағымдар берілгеніне байланысты заңды күшіне енбегені туралы белгілі болды.
Алматы қалалық сотының хатында (2018 жылғы 29.12. №7599-18-5-20/11812 хаты) берілген ақпаратқа сәйкес «Астана Банкі» АҚ-на қатысты барлық шағымдарды қарастыру 9 қаңтарға сағат 10:30 жоспарланып отыр.

Қазақстаның депозиттерге кепілдік беру қоры «Астана Банкі» АҚ салымшыларына ресми ақпаратқа сенуге және азаматтық істің сотта қаралу нəтижелерін күтуге шақырады. «Астана Банкі» АҚ бойынша істің қаралуы, уақытша әкімшіліктің және ҚДКБҚ жұмысы азаматтық сот ісін жүргізу, банктік және депозиттерге міндетті кепілдік беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен толығымен реттеледі.

ҚДКБҚ www.kdif.kz ресми сайтында және және бұқаралық ақпарат құралдарында іс жүргізу барысы және нәтижелері бойынша Алматы қалалық сотынан ресми растау алғаннан кейін «Астана Банкі» АҚ салымшыларының назарына жеткізеді.

ҚДКБҚ агент банк атауын жария етуге және «Астана Банкі» АҚ-ң мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енгеннен кейін 14 жұмыс күнінен кешіктірмей өтем төлемінің басталуына дайындығын растайды. «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтамақы сомасы шамамен 37 млрд. теңгені құрайды. «Астана Банкі» АҚ-да ашылған жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің депозиттік шоттарының 99,9% толық көлемде кепілдендірілген.

ҚДКБҚ «Астана Банкі» АҚ-да ашылған жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлық салымдары бойынша, соның ішінде ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша өтемақыны төлейді. Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күнге дейін банктегі қолданыстағы банктік салым келісімдері бойынша сыйақы есептеу жалғасады. Капиталдандырылған сыйақыға салымдағы қалған сомамен қатар кепілдік беріледі.

«Астана Банкі» АҚ-ның әр салымшысына өтемақы төлеу кепілдендірілген, себебі өтем банктердің жарналары есебінен тұрақты негізде жинақталатын ҚДКБҚ арнайы резерві есебінен жүзеге асырылады. ҚДКБҚ резервінде таратылған банктердің салымшыларына өтемақы төлеу үшін жинақталған сома 773,7 млрд. теңгені құрайды. Таратылып жатқан банктердің салымшыларына ҚДКБҚ есебінен өтемақы төлеу банктің активтерін сатуына байланысты емес.
Салымшылар ҚДКБҚ байланыс орталығына 1460 қысқа нөміріне (қоңырау шалу тегін) хабарласуына, ҚДКБҚ веб-сайтында сауалдарын қалдыруға немесе @kdif_ask Телеграм-чаты арқылы сұрақтарын қоюына болады.

Салымдар бойынша сыйақы есептеу, өтемақы сомасын растау туралы сұрақтарды салымшылар «Астана Банкі» АҚ-ның уақытша әкімшілігіне хабарласуына болады: +7 (727) 259 60 60.

Анықтама

«Астана Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі шешімінің негізінде барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды. 2018 жылы 26 қарашада Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана Банкі» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. 27 желтоқсанда Алматы қалалық соты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорын (2018 жылғы 27.12. №7599-18-5-20/11744 хаты) МАЭС–на алты заңды тұлғалар және үш жеке тұлғалардың апелляциялық шағымдар берілгеніне байланысты сот шешімінің заңды күшіне енбегені туралы хабарлады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры - екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша міндеттемелерін банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдендіреді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 26 банк қатысады.

Таратылып жатқан банктің бір салымшысына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының есебінен төленетін кепілдіктің ең жоғарғы сомасы: ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге, бір салымшының «Астана Банкі» АҚ-да бір мезгілде теңгемен және шетел валютасында орналастырылған депозиттері болса – 15 миллион теңгеге дейін кепілдік өтемі төленеді (шетел валютасындағы депозит бойынша – баламасы 5 миллион теңгеден аспайды).

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!