Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Желтоқсанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелері өседі

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 1–31 желтоқсан аралығында қолданылатын жеке тұлғалардың депозиттерінің барлық түрлері бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелерін жариялады.

Ең жоғары сыйақы мөлшерлемесінің өсуі бір жылдық жинақ салымдарынан бастап ерекше байқалатын болады: мерзіміне байланысты банктер жинақ салымдарын 12,7 – 12,9% мөлшерлемемен толықтыра отырып, ал толтырусыз салымдарды 14 – 14,6% мөлшерлемемен қабылдай алады.

Баймағамбетов Ақылжан Мәлікұлы, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы: «Жинақ салымы – бұл қызықты өнім: жалпыға қолжетімді, жоғарғы қауіпсіздік кепілдігі және жоғарғы болжамды табысы бар. Ең жоғары мөлшерлемелердің өсуімен, желтоқсанда біз банктерден жоғары сыйақы мөлшерлемесін 14 – 14,6% деңгейінде көтерілгенін көреміз. Сіз, ең алдымен, мына депозиттерге назар аударыңыз. Мұның сізге қаншалықты қолайлы екенін бағалаңыз, өйткені жоғары табыс кепілдігін алған кезде, сіз өз тарапыңыздан ақшаны мерзім соңына дейін банкте сақтауға міндеттісіз. Сондықтан жинақ салымы туралы шешімді саналы түрде қабылдау керек. Жинақ салымдары туралы айтқанда, біз өте ірі капиталдар туралы емес, қатардағы азаматтар туралы айтамыз: орташа депозит 2,8 миллион теңгені құрайды».

Қазір үш айдан үш жылға дейінгі жинақ салымдары 15 банкте қолжетімді. Ең талап етілген - бір жылға және одан да көп толықтырусыз жинақ салымдары, мұндай салымдарға тартылған ақша көлемінің 85%-ы келеді. Жыл басынан бері жинақ салымдарының көлемі 8 есеге артты (716%).

Банк секторы жинақ салымдары сегментіндегі бәсекелестікті күшейтеді және теңгедегі басқа депозиттер бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелердің өзгеруі елеусіз болады. Мерзімді салымдар арасында ең талап етілгені – бір жылға және одан да көп мерзімге толықтырумен – ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесі 0,1 пайыздық тармақты қосады және 10,9% құрайды. Ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша мерзімсіз салымдар желтоқсан айында өзгермейді және 9,8% құрайды.

Баймағамбетов Ақылжан Мәлікұлы: «Теңгедегі жинақ салымдары мен басқа да депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріндегі айырмашылық айқын болады. Бұл тұрақты қоржинау ипотекалық несие беруді, автокредит беруді немесе басқа да ұзақ мерзімді кредит өнімдерін теңгерімді дамыту үшін әрбір банкке қажет. Даму ресурсы ретінде жинақ салымдары үшін бәсеке жоғары, сондықтан да бірдей жоғары сыйақының мөлшерлемелерін орнықты банктер де, және орнықтылығы төменірек банктер де ұсына алады. Сондықтан банк жинақ салымдарын тартатын мөлшерлеме салымшылар үшін маңызды индикатор болып табылады. Желтоқсан айында ең жоғары мөлшерлемелердің көтерілуіне байланысты кейбір банктер мөлшерлемені көтеруі мүмкін, ал кейбіреулері ең жоғары мөлшерлемеге дейін көтеріледі. Шешім қабылдай отырып, тәуекелдерді бағалаңыз. Бұл банк қаншалықты тұрақты? Бизнес-моделі қаншалықты күшті? Салымдарға жиналған ақша есебінен банк қандай кредиттік қызметтерді ұсынады және ол қаншалықты жауапты? Нарықтағы орташа мөлшерлемелерге назар аударыңыз, әсіресе 15 миллион теңгеден артық сома болса - бұл кепілдік берілетін ең жоғары сома».

Депозит санаты Толықтырусыз  Толықтырумен
Қараша Желтоқсан Қараша Желтоқсан
Мерзімсіз депозиттер 9,8 9,8 9,8 9,8
Мерзімді депозиттер
       
айға 10,3 10,3 10,3 10,3
айға 11,6 10,3 11,6 10,3
12 айға 11,3 11,4 10,8 10,9
24 айға 11,9 12,0 10,8 10,9
Жинақ депозиттері        
3 айға 12,4 12,7 12,4 12,7
6 айға 12,7 13,6 12,7 13,6
12 айға 13,5 14,0 12,4 12,9
24 айға 13,9 14,6 12,0 12,7

 

Анықтама

2018 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда депозиттердің жаңа жіктеуі – жинақ, мерзімді және мерзімсіз депозиттер пайда болды.

Мерзімсіз салым – бұл ең көп таралған депозит: банктік салым шартының әрекет ету мерзімі салымшыны сыйақыны жоғалтпай кез келген сәтте ақшаны пайдалануды шектемейді.

2019 жылғы қыркүйектен бастап мерзімсіз салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізінде есептеледі. Мерзімді және жинақ салымдары бойынша жыл сайын ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бәсекелестік нарықта қалыптасқан сыйақы мөлшерлемесі негізінде есептеледі, сондықтан осы салымдар бойынша кірістілік – жоғары.

Мерзімді салым мерзімсіз салымға қарағанда көп кіріс алуға, ал жинақ салымы өте жоғарғы кірісті алуға мүмкіндік береді. Жоғары сыйақы мөлшерлемесі – бұл мерзімінен бұрын ақша алуды шектеу үшін өтемақы.

Мерзімді салымдар бойынша сыйақыны төмендетумен депозиттен ақшаны бөліп және толық мерзімінен бұрын алуға жол беріледі.

Жинақ салымдары бойынша мерзімінен бұрын бөліп алуға жол берілмейді – тек толық. Мерзімінен бұрын алған кезде банк есептелген сыйақыны жылдық 0,1%-ға дейін немесе одан төмен түсіреді, ал ақша 30 күннен ерте берілмейді.

Сондықтан жинақ салымы салым мерзімі ішінде депозиттен ақшаны пайдаланбайтынына сенімді салымшыларға қызықты. Бұл салым жоғары мөлшерлеме мен пайыздарды капиталдандыру есебінен ірі сатып алуға жылдам жинақтауға және қолда бар жинақтарға жоғары табыс алуға көмектеседі.

Теңгедегі мерзімді және мерзімді салымдар бойынша ҚДКБҚ кепілдігі 10 миллион теңгені, жинақ салымдары бойынша – 15 миллион теңгені құрайды. Егер салымдар әртүрлі банктерде орналастырылған болса, ҚДКБҚ әрбір банктердің депозиттеріне жеке кепілдік береді.