Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

23 қаңтар 2015 ж. БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ


«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ» АҚ

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

23 қаңтар 2015 ж.

ҚР Үкіметі пен Ұлттық Банкінің бірлескен мәлімдемесінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасын 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін арттыру шешімі жөнінде жарияланған болатын. Қазіргі уақытта ҚР заңнамасына сәйкесінше өзгерістер енгізілуде және бұл сұрақ ҚР Парламентінде қаралып жатыр. 

Аталған шара салымшылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға, отандық банк жүйесіне жұртшылықтың сенімін арттыру және банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

2006 ж. 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңына сәйкес қазіргі таңда кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы бір салымшыға бір банк бойынша 5 млн. теңгені құрайды. Ислам банкінен өзге барлық 37 екінші деңгейдегі банктер депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жеке тұлғалардың депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі депозиттеріне, сонымен қатар ағымдағы және карт-шоттардағы ақшасына кепілдік береді.

2015 жылдың 1 қаңтарына салымшылардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуге бағытталуы мүмкін Қор қаражатының жиынтық сомасы 320,9 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта банктердегі жеке тұлғалар  шоттарының 90 % астамына толық мөлшерде кепілдік берілген. Осылайша, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында салымшыларға берілетін кепілдікті қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті ресурстар бар.

ҚР Үкіметі пен Ұлттық Банкінің бірлескен мәлімдемесіне сәйкес кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасын арттыру Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорын қосымша капиталдандыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

Қысқаша анықтама

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 1999 жылы екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылды.

Қосымша ақпаратты www.kdif.kz интернет-сайтынан ала аласыздар. 8 800 080 10 20 нөмірі арқылы (Қазақстан бойынша қалалық телефон нөмірлерінен тегін) немесе root@kdif.kz электронды поштасы арқылы  Қор қызметкерлері депозиттерге кепілдік беру сұрақтарына жауап береді.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!