Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Баспасөз релизі. ҚДКБҚ жұртшылықтың назарына міндетті кепілдік беру жүйесінің объектілері туралы ақпаратты жеткізеді


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (әрі қарай - ҚДКБҚ) жұртшылықтың назарына міндетті кепілдік беру жүйесінің объектілері туралы ақпаратты жеткізеді

ҚДКБҚ кепілдігі депозиттердің барлық түрлеріне, банктік шоттарға, банктің клиенттері жеке тұлғаның төлем карталарындағы ақша қалдығына, соның ішінде жеке кәсіпкерлерде мерзімі мен валюта түріне қарамастан қолданылады. ҚДКБҚ объектілері жеке тұлғаның Қазақстанның барлық банктеріндегі кез-келген депозиттеріне кепілдік беру болып табылады (ислам банктерін қоспағанда).

ҚДКБҚ кепілдік беру объектілері болып таыблмайтындар:

  • металл шоттары,
  • банк ұяшықтарында орналасқан ақша-қаражат пен құндылықтар,
  • банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тартылатын депозиттер,
  • депозиттік сертификаттар.

Қазақстан Республикасының заңнамасы банктермен депозиттік сертификаттарды шығаруды көздейді. Бұл ретте аталған құралдың - эмиссиялық емес атаулы қағаз болып табылмайтынын және Қор кепілдігіне жатпайтынын ҚДКБҚ айтады.

Қатысушы-банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген депозиттерді депозит бойынша қалдық сомасында, ол бойынша есебіне жазылған сыйақысыз кепілдік берілген өтемді төлейді, бірақ:

  • Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін,
  • Шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.

Салымшының қатысушы-банкте бірнеше кепілдендірілген түрі мен валютасы әр түрлі депозиттері болған жағдайда, ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемнің жиынтық сомасын 10 миллион теңгеден асырмай төлейді.

Банк өнімдеріне кепілдік беруге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда ҚДКБҚ телефон нөмірі 8-800-080-10-20 хабарласуыңызды сұраймыз, хабарласу тегін, немесе info@kdif.kz электронды поштасы арқылы хат жіберіңіз.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қоғамдық қабылдау бөлмесімен байланысып, банктік заңнама және банктік қызметтерін реттеу бойынша ақыл-кеңесті мына телефон номерлері бойынша алуларыңызға болады: 8 (727) 2 619 234, 8 (727) 2 619 213.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!