Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша кепілдік

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік

Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 2 минут
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)2292918

Жалпы ақпарат

Қор тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің сатып алуларын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 Қаулысының және өзінің осы саладағы құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес (бұдан әрі – Кағидалар) жүргізеді.

 

Сатып алуды жүргізу кезінде Қор мынадай қағидаттарды негізге алады:

  • Сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау
  • Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуы үшін тең жағдай жасау
  • Әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік
  • Сатып алу процесінің жариялылығы және айқындылығы
  • Отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қолдау көрсету
  • Ішкі кооперацияға қолдау көрсету

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың қажеттілік негізінде Қор қызметін қамтамасыз ету және міндеттері мен функцияларына, стратегиялық жоспарына, сондай – ақ даму жоспарына қол жеткізу үшін қаржы жылына арналған жоспары қалыптастырылады. 2016 жылға тауарлардың, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулар жоспар, сонымен қатар оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қордың интернет-ресурсында орналастырылады.

Сатып алуды жүргізудің кезеңдері

  • Қордың сатып алудың ұйымдастырушысын айқындауы
  • Конкурстық құжаттаманы үлгі конкурстық құжаттама негізінде әзірлеу
  • Конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыру және бекіту, сондай-ақ сараптамалық комиссияны (сарапшыны) қалыптастыруға және бекітуге жол беріледі
  • Конкурстық құжаттаманы бекіту
  • Сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды және Қордың интернет-ресурсында конкурстық құжаттаманың көшірмелерін орналастыру
  • Сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін оның көшірмесін Қағидалармен көзделген тәртіппен алған әлеуетті жеткізушілерге Қордың интернет-ресурсы арқылы түсіндіру
  • Сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді тіркеу журналында тіркеу
  • Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдеу
  • Сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының мәтінін Қордың интернет-ресурсында жариялау
  • Конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау
  • Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру және қол қою, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жеткізушілер анықталған жағдайда, оның мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялау
  • Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті жеткізушілердің тізбесін және шартты жеңілдіктердің мөлшерін айқындау және қалыптастыру, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдеу және қол қою;
  • Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың мәтінін Қордың интернет-ресурсында жариялау
  • Конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында мәліметтерді тіркеу
  • Конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындыларын шығару)
  • Конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі және қол қоюы, оның мәтінін Қордың интернет-ресурсында жариялауы
  • Қордың конкурс жеңімпазымен шарт жасасуы

Жеке және заңды тұлғалардың қатысу шарттары

Мынадай біліктілік талаптарына сай келген әлеуетті жеткізушінің өткізілетін сатып алуға қатысуына жол беріледі:
  • Құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігі (жеке тұлғалар үшін) бар
  • Төлем қабілеттілігі бар, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық берешегі және берешегі жоқ
  • Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмаған

Қағидалардың осы 3) тармақшасында көрсетілген талаптар өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізіліп жатқан әлеуетті жеткізушілерге, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану міндетті болатын, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!