Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Шетел валютасындағы мерзімді және жинақ салымдар бойынша сыйақы ставкасын өсіру ҚДКБҚ депозит нарығының долларлануына ықпал етпейді


Сәрсенбі, 8 мамыр күні Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) бір жылдан астам мерзімге ашылған шетел валютасындағы мерзімді және жинақ депозиттері бойынша сыйақының максималды жылдық тиімді мөлшерлемесін өсіру туралы жариялады. Жаңа шарттар 2019 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді және бұрын ашылған депозиттерге қатысты емес. 

Депозит санаты Толықтырумен және толықтырусыз салымдар бойынша  максималды жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
Шетел валютасындағы мерзімсіз депозиттер 1%
Шетел валютасындағы мерзімді депозиттер  
12 айға дейін 1%
12 ай және одан жоғары 2%
Шетел валютасындағы жинақ депозиттер  
12 айға дейін 1%
12 ай және одан жоғары 2%

Дереккөз - ҚДКБҚ

Енді шетел валютасындағы салымдар бойынша кірістілікке банктік салым шартының мерзімі мен салымның банкте болуының тұрақтылығы әсер етеді. Мәселен, бір жыл және одан да көп мерзімге шетел валютасындағы мерзімді және жинақ салымдары бойынша жылдық кірістілік 2%–ға жетуі мүмкін.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік сомасы Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. 2015 жылдың 10 мамырынан бастап шетел валютасындағы салымдардың барлық түрлері бойынша кепілдік 5 миллион теңге деңгейінде белгіленді. Бұл сома шетел валютасындағы жинақ салымдары үшін де өзгеріссіз қалады.

Шетел валютасындағы мерзімді және жинақ депозиттері бойынша сыйақының максималды ставкасын арттыру банктердегі депозиттік базаның тұрақтылығын қолдайды, ал мерзімді және ағымдағы экономикалық шарттарды назарға ала отырып, халық депозиттерін долларландыруға жаңа ставкаларды енгізуден нөлдік нәтиже күтіледі.

• Біріншіден, бөлшек депозиттік нарықтың серпіні көптеген азаматтардың арасында жоғары девальвациялық күтудің жоқ екенін көрсетеді. Көптеген қазақстандықтар үшін ақшаны валютаға айырбастау үшін нақты мотивация айырбас бағамының күрт ауытқуы кезінде және экономикалық жағдайлардың нашарлауы кезінде, мысалы, кенеттен жоғары инфляция кезінде ғана туындауы мүмкін. 2015 жылдан бастап еркін айырбас бағамы режимі жұмыс істейді, ал 2019 жылғы 26 наурыздан бастап 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы келісім бойынша Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен қызметі міндеттерінің бірі валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, ал басым бағыт – елдегі бағаның тұрақтылығын қолдау болып табылады.

Депозиттік базаны долларландыру біртіндеп төмендеп, ағымдағы жылдың сәуіріне қарай 44% деңгейіне жетті. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың депозиттерін долларландыру депозиттік нарықтың әртүрлі сегменттері бойынша біркелкі бөлінбеген. Депозиттік нарықтың жаппай сегментіне – 20 миллион теңгеге дейінгі салымдар – жеке тұлғалардың барлық шоттарының 99,9%–ы келеді. Бұл салымдар экономиканы кредиттеу үшін маңызды ресурс болып табылады. Осы сегменттегі депозиттерді долларландырудың ағымдағы деңгейі 25%–дан, ал шоттар саны бойынша 5%–дан аспайды, бұл осы сегменттегі долларландырудың орын алғанын білдіреді. Бүгінде депозиттердің долларлануының жоғары деңгейі 50 миллион теңгеден аса ірі салымдар сегментінде ғана сақталып отыр және 73%–ды құрайды.

Жаппай сегменттегі теңгедегі депозиттердің едәуір үлесі жоғары тіркелген табыстылыққа байланысты. Өз кезегінде, депозиттік нарықтың валюталық сегментінің шамамен 60%–ы 50 миллион теңгеден – араптандыру немесе капиталды баламалы инвестициялау әдісі ретінде қарастырады. Банктердің бөлшек депозиттік базасының валюталық бөлігі бүгінде банктер ресурстарының бестен бір бөлігін құрайды, сондықтан шетел валютасындағы мерзімді және жинақ салымдары бойынша ставкаларды арттыру мұндай салымшылардың өз капиталын ағымдағы және мерзімді емес депозиттерден тұрақты мерзімді салымдарға аударуды ынталандыратын болады, бұл тұтастай алғанда банк секторының тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін болады.

• Екіншіден, валюталық салымдардың кірістілігі қысқа мерзімде болжамға берілмейді. Шетел валютасындағы салымдардың кірістілігі екі құраушыдан құралады: біріншісі – валюталық қайта бағалаудан түскен кіріс (залал) және екіншісі – пайыздық жылдық кіріс. Шетел валютасындағы салымдар валюталық тәуекелді хеджирлеу және ақшаның сатып алу қабілетін ұзақ мерзімді перспективада ғана сақтау құралы ретінде қаралуын, ал валюталық салымның кірістілігі қысқа мерзімде нарықтық айырбас бағамы банкке салымды енгізу күніндегі бағамға қарағанда жоғары болғанда ғана туындауы мүмкін.

Сондықтан 2018 жылдың шілдесінде АҚШ долларымен салым ашқан салымшылар 10 айда шамамен 13% кірістілік алды, бұл 12 айлық теңгедегі мерзімді және жинақ ұзақ мерзімді салымдардың табыстылығымен салыстырмалы. 9 ай бұрын ашылған валюталық салымдар бойынша кірістілік шамамен 11%–ды, ал 6 ай бұрын – тек 4%–ды құрады. Салыстыру үшін, теңгемен ұзақ мерзімді жинақ салымдары бойынша 9 және 6 ай ішінде тиісінше 10% және 6,5% кірістілік есептелген. Үш ай бұрын ашылған валюталық салымдар қазір кірістіліктің 0,5%–ын көрсетеді. Салыстыру үшін теңгемен ұзақ мерзімді жинақ салымдары сол кезеңде 3,3% мөлшерінде кірістілік әкелді. Шетел валютасындағы салымдардың кірістілігін есептей отырып, шетел валютасын сатып алу бағасы әрқашан сату бағасынан төмен болғандықтан туындайтын айырбастауға арналған сөзсіз шығыстар туралы да ұмытпау керек.

• Үшіншіден, теңгедегі салымдардың жоғары, белгіленген табыстылығы ақшаны сатып алу қабілетін жоғалтудан қорғауға және айырбас бағамының ауытқуын реттеуге қабілетті. Ақшаны ұзақ мерзімге орналастырған кезде нақты кірістілікті – салым бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасы мен жылдық инфляция арасындағы айырманы ескеру маңызды. Мәселен, ағымдағы жылдық инфляция 4,9% кезінде екі жылға және одан да көп толықтырусыз жинақ салымдарының нақты табыстылығы жыл ішінде инфляцияны орташа есеппен жылына 8,4%–ға басып озады, сондықтан мұндай салымдар әсіресе өз жинақтарын асыра көбейтуге және ақша капиталының сатып алу қабілетін ұзақ мерзімді сақтауға мүдделі салымшыларға сай келеді. Капитал жинайтын салымшылар үшін толықтыра отырып салымдар маңызды: толықтырумен жинақ салымдары бойынша нақты кірістілік инфляцияны орташа есеппен 6,6%–ға, мерзімсіз салымдар бойынша – 4,6%–ға басып озады.

Теңгедегі жинақ салымдары жинақ ақшаларды көбейтіп, ақшаны сатып алу қабілетін жоғалтудан қорғауға мүмкіндік береді

Көптеген қазақстандықтар үшін ақша ресурстары біртіндеп жинақталатын ірі сатып алуларға байланысты ауқымды міндеттер өзекті: тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарна енгізу, балаға білім беру, жылжымайтын мүлік немесе көлік сатып алу. Жұмыс істейтін адамдар зейнетке шыққаннан кейін аман-есен және тәуелсіз өмірді қамтамасыз етуге қамқорлық жасайды. Кейбір салымшыларға ағымдағы қажеттіліктерге арналмаған қаржы жинақтарын орналастыру қажет.

Осы өмірлік мақсаттардың барлығы үш факторды біріктіреді. Біріншіден, біртіндеп, ұзақ мерзімді ақша жинау қажет. Екіншіден, адамдар ағымдағы сатып алулар мен шығыстарды пайдалануды жоспарламайтын "мақсатты" жинақтар талап етіледі. Үшіншіден, жинақ барлық толықтыруларды ескере отырып, болашақта сатып алу қабілетін жоғалтудан бірнеше жыл бойы қорғау қажет. Осындай міндеттері бар салымшыларға екінші деңгейдегі 15 банк лайықты өнімді – толықтырумен және толықтырусыз теңгедегі жинақ салымын ұсынады, олар барынша кірістілік пен пайыздарды капиталдандыру есебінен ақшаны сатып алу қабілетін жоғалтудан қорғауға және ақша жинақтауды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бүгін 27 355 салымшы жинақ салымдарына 85 миллиард теңге орналастырды. Жаңа қаржы құралы қазақстандықтардың сенімі мен қызығушылығын біртіндеп жаулап алады. Егер 2018 жылдың соңғы үш айында салымшылардың депозиттердің жаңа түріне және сыйақының жоғары ставкаларына жоғары қызығушылығының арқасында жинақ салымдары нарығы бір айдан бір айға дейін екі есе өсімді көрсетсе, 2019 жылдың сәуіріне қарай нарықтың өсуі тұрақтанды. 2019 жылғы наурызда жинақ салымдарының көлемі 22%–ға артты. Салыстыру үшін, жеке тұлғалардың депозиттер нарығы барлық кезең ішінде ай сайын 2% көлемінде өсімді көрсетті. Қазан айынан наурыз айына дейін жинақ салымдарының көлемі 17 есеге, ал клиенттер саны 11 есеге артты.

 

Жинақ салымдары бойынша бүгінгі күні – нарықтағы ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі, бірақ бұл табыстылық салымның төмен ұтқырлығы үшін төлем болып табылады. Сондықтан салымшыларға мерзімінен бұрын алуды шектеу туралы есте сақтау қажет: салымнан ақшаны ішінара алуға жол берілмейді, ал салымның өзі мерзімінен бұрын талап етілген сәттен бастап 30 күннен кейін алуға болады. Мерзімінен бұрын алу салымшы үшін сыйақыны жоғалтуға әкеп соғады. Осы ерекшеліктерге байланысты жинақ салымын ашуға саналы түрде келу қажет. Мысалы, мүмкін болатын шұғыл шығындарға ақша резервін қалдыру және жинақ салымына олардың қашан және қай сомаға қажет екендігі жөнінде сенімділік бар ақшаны ғана орналастыру қажет.

Теңгеде жинақ салымын ашу кезінде мыналарды білу маңызды

1. Салым бойынша табысты бағалау үшін нақты кірістілікті түсіну маңызды: ол жылдық тиімді сыйақы ставкасы мен жыл ішіндегі күтілетін инфляция арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Нақты кірістілік "күтілетін жылдық инфляцияны шегергендегі салым бойынша қолда бар табысты" білдіреді.

2. Теңгедегі жинақ салымдарының кірістілігі мерзімнің ұлғаюымен артады. Есептелген сыйақыны капиталдандыру жылдам жинақтауға мүмкіндік береді, бұл ретте капиталдандыру жиірек болған сайын, кірістілік соғұрлым жоғары болады.

3. Егер Сіздің міндетіңіз – ірі сатып алуға "мақсатты" ақшаның жинақталуын жеделдету, ұзақ мерзімге толтырумен жинақ салымын таңдаңыз. "Ұзақ мерзімді" салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері жоғары. Сонымен қатар ұзақ мерзімді салымдар нарықтағы мөлшерлемелерді төмендету үрдісі кезінде қайта инвестициялау тәуекелін бәсеңдетеді.

4. Егер сіздің міндетіңіз-қолда бар ақша капиталын сақтау болса, онда жинақ салымына жеке, неғұрлым өтімді шотта жақсы сақталатын ықтимал шұғыл шығындарға қажетті резервті алып тастағандағы ақшаны орынды орналастыру. Оңтайлы опция – жинақ және "икемді" салым болуы.

Шетел валютасында жинақ салымын ашу кезінде мыналарды білу маңызды

5. Шетел валютасындағы жинақ салымдары бойынша кірістілік "кеше" және "бүгін" нарықтық бағамының өзгеруімен айқындалады, ал осы салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2%–дан аспайды. Сондықтан қысқа мерзімде, тіпті жыл ішінде шетел валютасындағы салым бойынша нөлдік кіріс пен теріс кіріс болуы мүмкін. Теріс нәтиже, айырбастау бағамының аз жағына өзгеруінен басқа, егер банк валюта сатып алынған бағамға қарағанда аз бағам бойынша теңгемен айырбастаса, пайда болуы мүмкін. Шетел валютасындағы жинақ салымдары бойынша сыйақы ставкасы елдегі ағымдағы инфляцияны жаппайтындықтан, теңгеге қарсы шетел валютасын нығайтуға арналған есеп айырысу түйінді болып отыр. Мәселен, наурызда инфляция деңгейі 4,9%–ды, ал 2019 жылға дәліз – 4-тен 6%–ға дейін құрады.

6. Шетел валютасындағы жинақ салымдар ұтқырлығының сондай-ақ шектелуіне қарамастан, кепілдік сомасы шетел валютасындағы салымдардың басқа түрлері бойынша солай қалады – 5 миллион теңге. 15 миллион теңгенің кепілдігіне теңгеде жинақ салымдарын ашқан салымшылар ғана үміт арта алады.

 

Депозиттер бойынша кепілдік туралы ҚДКБҚ мамандарының кеңесін алыңыз:

1460 қысқа нөмірі бойынша ҚДКБҚ колл-орталығында (тегін)

• ҚДКБҚ телеграмм-чатында: @KDIF_Ask

• Facebook-те ҚДКБҚ ресми беттерінде: @KDIFKZ, Instagram: @Deposit_KZ

NBK Online мобильдік қосымшасында

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!