Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша кепілдік

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі

 

Банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруi

Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берген лицензиясын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей Қорға аталған лицензияның нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесін табыс етеді.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берген лицензиясын алған күні Қорға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтініш беру арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк қосылу шартына қосылу туралы өтінішін бермеген жағдайда Қор екі жұмыс күні ішінде осы факті туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Уәкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтініш бермеген банкке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санкциялар қолдану туралы мәселені қарайды.

Қор банктен оның қосылу шартына қосылуы туралы өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған қатысушы банктің куәлігін береді. Қатысушы банк куәлігі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күні беріледі. Банк міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болады. Қор депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне тиісті ақпарат енгізу арқылы қатысушы банктердің берілген және күші жойылған куәліктерінің есебін жүргізеді.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі осы жерде орналасқан.

Қатысушы банкті депозиттерге міндеттi кепілдік беру жүйесінен шығару

Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығаруға мыналар:

  • Уәкілетті органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, олардың банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясынан айыруы
  • Қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату
  • Қатысушы банктің уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берілген лицензияны ерікті түрде қайтарып беруі негіз болып табылады

Қатысушы банк:

  • Уәкілетті орган қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясынан айырған кезде – уәкілетті органның осындай лицензиядан айыру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап
  • Қатысушы банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде – қатысушы банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап
  • Қатысушы банк ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетілген күннен бастап
  • Қатысушы банк ерiктi түрде таратылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде таратылуына уәкiлеттi органның рұқсаты алынған күннен бастап

Қатысушы банк уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияны ерікті түрде қайтарған кезде – оның ерікті түрде қайтарылуына байланысты лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкілетті органның шешімі күшіне енген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға тиіс

Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығару депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктердің тізіліміне қатысушы банктің куәлігін жою туралы жазба енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығару Қордың қатысушы банкте ол жүйеден шығарылған күнге дейін жатқан кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерін тоқтатпайды.

Уәкілетті органның депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензиядан айыруы, сондай-ақ ерікті қайта ұйымдастыру негіздері бойынша қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк оны шығарған күннен бастап үш ай ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, оларды басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтарып беруге міндетті.

Қатысушы банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру, сондай-ақ уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияны ерікті түрде қайтару негіздері бойынша қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.


Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!