Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша кепілдік

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік

Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 2 минут
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)2292918

Өтініштер мен сұрау салу бойынша жұмыс тәртібі

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жазбаша, электрондық құжат нысанында қоса алғанда, ауызша өтініштерін 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген тәртіпте қарайды.

Қарауға жатпайтын өтініштер:

Мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш
Мәселенің мәні баяндалмаған өтініш

Өтініштерді қараудың негізгі принциптері

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға байланысты құқықтық қатынастарды реттеудің негізгі принциптері:

  • Заңдылық
  • Өтініштерге қойылатын талаптардың бірыңғайлылығы
  • Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуының кепілдіктері
  • Өтініштерді қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу
  • Жеке және заңды тұлғалардың теңдігі
  • Субъектілер мен лауазымды тұлғалар қызметінің өтініштерді қарау кезіндегі ашықтық

 

Өтініштерді қабылдау, тіркеу және есепке алу

Өтініштер бекітілген тәртіпте Қормен міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Өтініш жеке немесе заңды тұлғаның өкілі арқылы енгізілуі мүмкін. Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн Қорға келiп түскен өтiнiш келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады.

Өтінішті қарау мерзімi

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi Қорға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi Қорға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.

Өтініштерді қарау нәтижелері

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

  • Өтінішті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы
  • Осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы
  • Өтініштің мәні бойынша түсінік беру туралы
  • Өтінішті қарауды тоқтату туралы

 

Бір тұлғаның мүддесі үшін бір мәселе бойынша бірнеше өтініш келіп түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке қоса тіркеледі және бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешудің нәтижелері туралы арыз берушілерге хабарлана отырып, бір өтініш ретінде қаралады.

Өтініштерге берілетін жауаптар

Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

Қандай да бір ұсынымдар, талаптар, өтінішхаттар, өтініш айтулар болмаған кезде өтініштер назарға алынады және оларды Қор Төрағасы немесе оның орынбасары іске жабады.

Егер қайта жасалған өтініштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмесе, ал осының алдындағы өтініштің материалдарында тексерудің егжей-тегжейлі материалдары бар болса және арыз берушілерге белгіленген тәртіппен жауаптар берілсе, өтініштерді қарау тоқтатылады.

Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ арыз беруші Қормен қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі.

Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ Қордың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!