Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Таратылған банктердің салымшылары неге өз ақшасын алғысы келмейді


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшыларына бүкіл ел бойынша өтем төлеуді жалғастыруда. Салымшылар - жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер - жинақталған сыйақымен қоса, салымдар бойынша өтемді ағымдағы шоттары мен төлем карточкалары арқылы алуда.

«Астана Банкі» АҚ. «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеу жеке тұлғаларға қызмет көрсететін «Еуразиялық банк» АҚ агент-банкінің барлық бөлімшелерінде жүргізілуде. ҚДБКҚ қазірдің өзінде міндеттемелердің 97%-н өтеді. 36,5 миллиард теңге төленді, оның ішінде 23 миллиард теңге алғашқы екі күнде төленген болатын. Төлем беру басталған күні қарбалас бола қойған жоқ; ҚДКБҚ және агент-банк бөлімшелерде өтініш беру және тексеру процесін жеделдету және салымшыларға қызмет көрсету тиімділігін арттыруда барлық күш-жігерін жұмсады.

«Qazaq Banki» АҚ. Өтем төлеу Қазақстан аумағындағы «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агент-банкінің барлық бөлімшелерінде жүргізілуде. ҚДКБҚ іс жүзінде салымшылардың алдындағы өз міндеттемелерін өтеді: 20 миллиард теңге – салымшылардың алдындағы міндеттемелердің бастапқы сомасының 98%-ы төленді .

«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ. Төлем Ұлттық почта операторы – «Қазпочта» АҚ-ның орталық бөлімшелерінде Қазақстанның бес қаласында жүргізілуде. Эксимбанк салымшыларына 257 миллион теңге – міндеттемелер сомасының 99%-ы төленді.

Осы үш банктің салымшыларына өтеу сомасының қалдығы міндеттемелердің бастапқы сомасының тек 3%-ын (1,5 миллиард теңге) құрағанына қарамастан, төлем алу үшін 230 мыңнан астам адам (81%) хабарласқан жоқ. Өтініш білдірмеген салымшылардың негізгі бөлігі – 220 мың адам – бұл «Астана Банкі» АҚ салымшылары.

Төлем үшін өтініштердің неғұрлым жоғары пайызы Маңғыстау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады (21–23%); ең төмені – Алматы және Жамбыл облыстарында (14%). Салымшылар саны барынша көп – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында – өтініш беру дәрежесі 15%-дан (Шымкент) 19%-ға (Алматы) дейін құбылады.

Салымшыларға қоңырау шалу, салымшылардың 19%-ы төлеу мерзімінің соңына дейін өтініш білдіруді жоспарлап отырғанын көрсетті. Күн сайын агент-банктер келіп түскен өтініштер бойынша 5-тен 20 миллион теңгеге дейін төлейді.

Сонымен қатар, салымшылардың 62%-ы төлемге өтініш беруге асығар емес, себебі олардың пікірі бойынша шоттардағы қалдықтар азғантай соманы құрайды. Жоғарыда көрсетілген үш банктің салымшыларынан 220 мың адамның (74%) 5 мың теңге көлемінде депозиттері бар, оның ішінде 178 мың салымшыда (60%) – 1 мың теңгеден аспайды. Бұл ретте төлем үшін агент-банкке өтініш бергендердің үлесі депозиттердегі қалдық сомасының ұлғаюына қарай өсуде. Мысалы, 1000 теңгеге дейінгі қалдық сомасы бар «Астана Банкі» АҚ салымшыларының арасында өтініш бергендердің үлесі небәрі 1,4%-ды құрайды, 1 млн теңгеден астам қалдық сомасы бар салымшылардың арасында төлем сомасының 98,6%-ға дейін өсуіне қарай ұлғаюда.

Нәтижесінде, сауалнама қорытындылары салымшылардың 19%-ы төлем алуға өтініш білдіргенін көрсетті, 19%-ы төлем мерзімінің соңына дейін өтініш білдіруді жоспарлап отыр, салымшылардың қалған 62%-ы кепілдік берілген өтем сомасын алуға өтініш білдіруді жоспарлап отырған жоқ.

ҚДКБҚ қызметкерлері «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ-ның барлық салымшыларына қоңырау шалып, «Астана Банкі» АҚ барлық салымшыларына және ҚДКБҚ байланыс орталығы бірнеше рет СМС-хабарламалар жіберді, сондай-ақ агент-банк төлем туралы ақпараттандыру мақсатында «Астана Банкі» АҚ салымшыларының әрқайсысына қоңырау шалуды әлі де жалғастыруда.

Айта кету керек, қоңырау шалу пайызы бар болғаны 43%-ды құрайды. «Астана Банкі» АҚ салымшылары бойынша қоңырау шалудың ең төменгі пайызы Түркістан облысында байқалады (18%), Жамбыл облысында (26%) және Шымкент қ-да (27%). Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қоңырау шалу пайызы сәйкесінше 42% және 49%-ды құрайды. Салымшылар көрсеткен байланыстардың басым көпшілігінің өзекті болмауы (ескіруі) салымшыларды қоңырау шалу және SMS-жіберу арқылы хабардар ету мүмкіндігін төмендетеді. Сонымен қатар, ҚДКБҚ халықты сайтта, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кепілдік берілген өтемді төлеу туралы мерзімді негізде хабардар етуді жалғастыруда. Халықты ақпараттандыруға, сондай-ақ агент-банктер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының ресурстары тартылды. Қазіргі уақытта, агент -банктер арқылы өтем төлеудің аяқталуына бірнеше ай қалғандықтан, жүзеге асырылатын төлемдер туралы Қазақстанның барлық өңірлері бойынша хабарландырулар қайта орналастырылатын болады.

ҚДКБҚ-ның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықты ақпараттандыруда айтарлықтай күш-салуына қарамастан, салымшылардың едәуір бөлігі, бұрынғысынша, әсіресе шоттарда аз қалдықтары бар салымшылар, төлем алуға өтініш бермеу ықтималдығы бар. Бұл ретте, ҚДКБҚ-ның өтем төлеу жөніндегі міндеттемелері салымшының шотындағы қалдық тіпті 1 теңгені құраса да, салымшы төлемге өтініш бергенге дейін сақталады.
Қолданыстағы заңнамалық реттеу салымшының нақты қатысуын талап ететіндіктен, осы проблеманы шешу салымшының жазбаша өтініш беру қажеттілігінсіз, салымшының Электрондық үкімет порталында салымшыны сәйкестендіру арқылы кепілдік берілген өтемді салымшының қолданыстағы банктік шотына автоматты түрде төлеуді жүзеге асыру жолымен кепілдік берілген өтемді төлеу рәсімдерін қайта қарау арқылы көрінеді.

ҚДКБҚ көрсетілген концепті енгізуге мүмкіндік беретін, депозитордың Электрондық үкімет порталына онлайн режимінде өтініш беруін қоса, түрлі нұсқаларды қарастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, ҚДКБҚ агент- банкке әлі өтініш білдірмеген салымшыларды, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кез келген бөлімшеге кез келген ыңғайлы күні келіп өтініш беруге шақырады:

  • 24 маусымға дейін – «Qazaq Banki» АҚ салымшылары «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-на,
  • 26 шілдеге дейін – «Астана Банкі» АҚ салымшылары «Еуразиялық банк» АҚ-ға,
  • 4 тамызға дейін – «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары «Қазпочта» АҚ-ға.

Таратылған банктердің салымшыларына өтем төлеу салымшылардың өтініштері бойынша жүргізіледі. Ақша агент-банктерде қарастырылған және кез келген сәтте алуға қол жетімді. Агент-банк арқылы төлем мерзімі аяқталғаннан кейін өтемді тікелей ҚДКБҚ-дан алуға болады.

Депозит мөлшері кепілдік берілген сомадан (5/10/15 миллион теңге) асатын салымшылар – ал мұндай салымшылар таратылатын үш банк бойынша 2 мыңдай (салымшылардың жалпы санының 0,7% ) – тарату комиссияларымен жүзеге асырылатын болады.

Кепілдік берілген соманың ең жоғары мөлшерін ескермей, ірі соманы бір банкте орналастыру шешімі, салымшыны айтарлықтай кредит тәуекеліне әкеп соқтырады. Банк таратылған жағдайда, тарату өндірісі барысында қаражаттың қайтарылуын күтуге байланысты шығындар салымдар бойынша жоғары кірістілікпен, кэш-бектің болуымен немесе қызмет көрсетудің басқа да тартымды жағдайларымен өтелінбеуі мүмкін. Сондықтан, қандай да бір банкте өз жинақтарының едәуір бөлігін орналастыруға саналы шешім қабылдағанға дейін салымшы оның қызметін талдап, осы банктің сенімділік дәрежесін бағалауы тиіс.

«Астана Банкі» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиялары жеке тұлғалардың жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден асатын 1 405 өтінішін тіркеді – бұл осы банктердегі барлық кепілдік берілген депозиттердің 3,4%-ын құрайды. Бұл салымшылардың талаптары 4-кезекте кредиторлар тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиторлардың тізілімін және банктің барлық активтері мен міндеттемелері көрсетілетін аралық балансты бекіткеннен кейін (шамамен мамыр-маусымда) тарату комиссиялары банк кредиторларымен есеп айырысуға кіріседі.

Банк кредиторлары әрбір банктің тарату жылдамдығын, тиімділігін және кірістілігін бақылай алады. Бұл бақылау кредиторлар комитеті арқылы іске асырылатын болады, онда әрбір кезектегі ең ірі кредиторлар заңды және тұрақты негізде қатысатын болады. Банк таратылған кезде ақша бір кезектегі барлық кредиторлар арасында тепе-тең бөлінетіндіктен, кредиторлардың барлық өкілдері тарату процесінің жылдамдығы мен тиімділігіне мүдделі. ҚДКБҚ сондай-ақ кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және тарату процесінің барысы туралы хабардар ететін болады.

Депозиттер бойынша кепілдік туралы және өтемді төлеуге және тарату комиссиясының жұмыс тәртібіне байланысты барлық мәселелер бойынша консультацияны колл-орталықтан алуға болады: 1460, @KDIF_ASK Телеграм-чатында және ҚДКҚ веб-сайтында www.kdif.kz.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!