Контрастты ауыстыру |
Депозиттерге кепілдік беру қорының қызметі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа бірқатар заңды актілерімен және оның Жарғысымен реттеледі.
Заңның 5 бабына сәйкес Қордың негізгі міндеттері:
Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіге барынша қызмет көрсетуге, банк жүйесіне сенімді қолдау бойынша мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған.
Қор құқылы:
Қор міндеттері:
Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен және (немесе) салым құжаттарымен куәландырылған жеке тұлғалардың теңге және шетел валютасы түріндегі депозиттерін олар бойынша есептелген сыйақысыз қайтару бойынша қатысушы банктің міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылады.
Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, Қор депозиторларға кепілдік берілген депозиттер бойынша депозит бойынша қалдық сомасында, ол бойынша есебіне жазылған сыйақысыз, бірақ:
Депозитор бірнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда Қор кепілдік берілген өтемді әрбір қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейді.
Қатысушы банкте депозитордың түрі мен валюта бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиті болған кезде Қор олар бойынша он миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді.
Кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге белгіленген нарықтық бағамы қолданылады.
Қор кепілдік берілген өтемді қатысушы банктер арасынан конкурстық негізде таңдап алынған агент банк (банктер) немесе Ұлттық пошта операторы (егер агент банкті таңдау мүмкін болмаған жағдайда) арқылы төлейді. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі және агент банкке қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Кепілдік берілген өтем мөлшері және оны төлеу тәртібі Заңның 21 бабында, сондай-ақ Мәжбүрлеп таратылатын банкі депозиторларына кепілдік берілген өтем төлеу ережесінде көрсетілген тәртіпте анықталады. Кепілдік берілген өтем ережесімен осы ресурста танысуға болады.
Қор қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату және кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (не агент банкті таңдау мүмкін болмаған жағдайда Ұлттық почта операторының) атауын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеудің басталғаны, төлеу кезеңі мен орны (орындары) туралы не Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілдік берілген өтемді төлей бастау мерзімін кейінге қалдыру туралы хабарлайды.
Қор кепілдік берілген өтемді төлей бастау мерзімін кейінге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы төлеудің басталуы, кезеңі, орны (орындары) және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды. Депозитор аталған ақпаратты Қордан тікелей алуға құқылы.
Мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң депозиторы кепiлдiк берiлген өтемдi төлеудің басталғаны туралы хабарландыру шыққан күннен бастап алты ай iшiнде өзiне кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы агент банкке жазбаша өтiнiш беруге құқылы. Агент банк кепiлдiк берiлген өтемдi депозитор жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда ғана төлейдi. Депозитордың мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банкке талап ету құқықтары расталған жағдайда агент банк кепілдік берілген өтемді құжаттар агент банкке келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді. Алты ай өткеннен кейін депозитор кепілдік берілген өтемді алу үшін Қорға өтініш жасауға құқылы. Егер мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор немесе кепілдік беруші болса, кепілдік берілген өтемнің мөлшері кепілдік берілген депозит сомасы мен аталған қатысушы банктің қарсы талаптарының сомасын есепке алу нәтижелері бойынша шыққан айырма сомасына сүйене отырып айқындалады.
Мәжбүрлеп таратылатын банкі депозиторларына кепілдік берілген өтем төлеу ережесін осы жерден танысуға болады.
Қор Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:
Қордың арнайы резервінің нысаналы мөлшері қатысушы банктердегі бүкіл кепілдік берілген депозиттер сомасының бес процентінен кем болмайды. Қордың арнайы резервi кепілдік берілген өтемді төлеу үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ арнайы резервінің нысаналы деңгейі мен мөлшерін анықтау және орнату. Толық ақпарат – осы жерде.
Заң мақсаттарында қосылу шарты ретінде банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын Қор айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер үшін стандартты болып табылатын шарт танылады. Банктің қосылу шартына қосылуы Заңға сәйкес оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады.
Қосылу шартында:
Қатысушы банк Заңға және қосылу шартына сәйкес Қорға мынадай жарналар төлеуге міндетті:
Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарды төлеу міндеттемелерін тоқтатып қоймайды.
Қатысушы банктің жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін Қордың Директорлар кеңесі айқындайды (Банктерге арналған ақпарат/Ережелер бөлімінде орналастырылған Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін анықтау ережесін қараңыз).
Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшері есеп берілген тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттері сомасының 0,5 процентінен аспауға тиіс. Қатысушы банктің қосымша жарнасының мөлшері аталған қатысушы банк Қорға өткен тоқсан үшін төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Қатысушы банктің төтенше жарнасының жылдық мөлшері аталған қатысушы банк Қорға тоқсан сайын төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның жылдық мөлшерінен аспауға тиіс. Қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемесі соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады. Қатысушы банктердің қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары қайтарылмайды.
Қосылу шарты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген кезден бастап күшіне енеді және қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған жағдайда тоқтатылады.
Қосылу шарты мәтіні Банктерге арналған ақпарат/Қосылу шарты бөлімінде орналастырылған.