Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кадрлық резервіне алу үшін іріктеу жүргізу шеңберінде түйіндемені қабылдау туралы хабарландыру


«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) кадрлық резервті қалыптастырады және экономикалық-қаржы саласында ғана емес, сонымен қатар заңтану, ақпараттық технологиялар саласында да, басқа да салаларда да жұмыс тәжірибесі бар мамандарды шақырады.

Ол үшін үміткерлер түйіндеме ұсынуы және Қор басшылығымен мен бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуден (қажет болған жағдайда тестілеу) өтуі қажет.

Түйіндемені (заңды мекенжайын және нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайын, байланыс телефондарын, білімі туралы мәліметтерді, жұмыс тәжірибесін көрсете отырып) 2019 жылғы 26 шілдеден 26 тамызына қоса алғанда дейінгі кезеңде Қордың кадр қызметіне қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы ұсыну қажет.

Түйіндемені қарау қорытындысы бойынша іріктелген үміткерлер үміткердің түйіндемесінде көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы әңгімелесуге шақырылатын болады.

Әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесуден сәтті өткен үміткерлер кадр резервіне алынады.

Кандидаттарды таңдау кезінде негізгі өлшемшарттар мыналар болып табылады: біліктіліктің жоғары деңгейі, тиісті білімі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы, сондай-ақ кандидаттың әлеуеті.

Кадр резервіне алынған адамдар кадр резервіне алынған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде бос лауазымға тағайындалуы мүмкін.

Адамдарды кадр резервінен шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

  • кадр резервіне алынған адамның оны кадр резервінен шығару туралы өтініш беруі;
  • кадр резервіне алынған адамның бос лауазымға орналасуы;
  • кадр резервіне алынған күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң.

Іріктеу Қор Төрағасының 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 15 бұйрығымен бекітілген «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ға жұмысқа қабылдау ережелері негізінде жүргізіледі.

Сіздерді осы іс-шараға қатысуға және Қор ұжымының бір бөлігі болуға шақырамыз!

Қордың пошталық мекенжайы, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы:

050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы 136, «Пионер-3» БО, 8 қабат

Телефон нөмірі: +7 (727) 312 24 40

е-mail: aingenbayeva@kdif.kz

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!