Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша кепілдік

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 2 минут
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)2292918

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы


«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 226 шешіміне сәйкес Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы Қордың Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланды.

Тәжияқов Б.Ш. Қазақстан Республикасының көптеген маңызды қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерінде болды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің Төрағасы қызметін 2014 жылдың қаңтары мен 2016 жылдың сәуір айы аралығында атқарды. 1999 жылдың сәуір айынан бастап 2014 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының Орынбасары, 1999 жыл ақпан айы мен 1999 жылдың сәуір айы аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс вице-министрі болды.

Тәжияқов Б.Ш. КСРО-ның Мемлекеттік банк жүйесінде 25 жылдан астам уақыт қызмет атқарған.

 Мынандай құрметті марапаттарға ие болған:

  • Ордендері: «Құрмет» (1996), «Парасат» (2006);
  • Медальдары: «Астана» құрметті медальі (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медальі (2003), «Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медальі (2004), «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медальі (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медальі (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальі (2006);
  • Құрмет грамоталары: Қазақстан ЛКЖО Обкомының Құрмет грамотасы (1971), Мемлекеттік банк басқармасының және мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағыны мекемесінің Құрмет грамотасы (1971), Мемлекеттік банкінің Облыстық контры және Облыстық кәсіподақ комитетінің мемлекеттік мекемесінің Құрмет грамотасы (1975), Мемлекеттік банкі Басқармасының және мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіподағы мекемесінің Құрмет грамотасы (1977), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2001);
  • Төсбелгі «Мемлекет Банкінің үздігі» (1980);
  • Төсбелгі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» (2001);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты» (2006)
Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!