Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіміндегі өзгертулер туралы


2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізімінен үш банк шығарылды: «БТА Банк» АҚ, «Темiрбанк» АҚ  және «ABC Bank» АҚ. 

 «БТА Банк» АҚ активтері мен міндеттемелерін «Казкоммерцбанк» АҚ пайдасына бір мезгілде табыстау бойынша ірі шарт жасасу және лицензиясын ерікті түрде қайтару себебінен «БТА Банк» АҚ 2015 жылдың 23 маусымынан бастап депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылады. «БТА Банк» АҚ-ның банктік және өзге де операциялар, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында қызмет жүргізу лицензиясы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 268 бұйрығының негізінде тоқтатылды.

«БТА Банк» АҚ активтерінің бөлігі, сонымен қатар ағымдағы шоттар және салымдардың иеленушілері (депозиторлар) мен кредиторлар алдындағы міндеттемелері  «Казкоммерцбанк» АҚ-на табысталады. «Казкоммерцбанк» АҚ-ның клиенттер алдындағы аталған міндеттемелері толық көлемде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
  
Сонымен қатар, 30 маусымнан бастап «ForteBank» АҚ-на қосылу жолымен ерікті түрде қайта ұйымдастыру себебінен «ABC Bank» АҚ және «Темiрбанк» АҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылды. Осы банктерде орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша барлық міндеттемелер «ForteBank» АҚ-на көшеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 216 және № 217 қаулыларына сәйкес  «ABC Bank» АҚ және «Темiрбанк» АҚ қызметтерін тоқтатумен байланысты барлық процедуралар 2015 жылдың 30 маусым мерзіміне аяқталады. 

Жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу мен жүргізу, депозиттерді қабылдауға лицензиясы бар Қазақстан Республикасындағы барлық банктер міндетті түрде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатынын еске саламыз. 2015 жылдың 1 шілдесіне депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 34 банк қатысады, соның ішінде «Казкоммерцбанк» АҚ  және «ForteBank» АҚ бар. 

Осылайша, «БТА Банк» АҚ-да бұдан бұрын орналастырылып, «Казкоммерцбанк» АҚ-на табысталған және «Альянс Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «ABC Bank» АҚ-да орналастырылып, «ForteBank» АҚ-на табысталған жеке тұлғалардың барлық депозиттері мемлекеттік кепілдік нысаны болып табылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің толық тізімімен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының www.kdif.kz ресми сайтынан таныса аласыз.

Анықтама үшін: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ - екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы. Қор сот шешімі бойынша банк қызметін мәжбүрлеп тоқтату жағдайында жеке тұлғалардың банктік шоттарында орналастырылған, соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттардағы, ақшасын қайтару бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің (34 екінші деңгейдегі банктер) міндеттемелеріне кепілдік береді. Кепілдік беру ұлттық және шетел валютасындағы депозиттерге таралады.

2015 жылғы 27 сәуіден бастап жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасының эквиваленті 5 миллион теңгені құрайды. 

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!