Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енуі туралы


2018 жылдың 25 сәуірінде «Delta Bank» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімі заңды күшіне енді.

Банк салымшылары мен клиенттері – жеке тұлғалар ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларында орналастырылған депозиттер мен сомаларды қайтаруға құқылы:

  • ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін,
  • шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.

Кепілдік берілген өтемді төлеуді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) қаражатынан «Банк ЦентрКредит» АҚ-ы арқылы жүзеге асыратын болады. Агент банк 2018 жылдың 17 мамырынан кешіктірмей өтемді қайтаруды бастайды.

ҚДКБҚ-ның кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша міндеттемелерінің сомасы шамамен 141 млн. теңгені құрайды; өтемді алуға құқығы бар жеке тұлғалардың саны – 2 244 адам, оның ішінде кепілдік берілген өтем мөлшерінің шегінде – 2 242 адам.

Кепілдік берліген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 577,6 миллиард теңгені құрайды.

Кепілдендірілген сомадан асатын депозиттері бар жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте және кезекте «Delta Bank» АҚ-ның тарату комиссиясы банктің активтерін сату барысында өтемақы алуға құқылы.

Анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы №194 қаулысына сәйкес «Delta Bank» АҚ-ы 2017 жылғы 3 қарашадан бастап банктік және басқада операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылды. ҚРҰБ Төрағасының 2017 жылғы 2 қарашадағы №402 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банкті басқарудың барлық органдарының өкілеттіктері өтті. ҚРҰБ және ҚДКБҚ мамандары уақытша әкімшілік құрамына кірді. 2018 жылдың 13 ақпанында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.

Банктің бас офисі Алматы қаласында орналасқан; банктің Астана және Ақтау қалаларында филиалдары бар.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған еншілес ұйымы.

Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттар), кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.
Заңнама сәйкес кепілдік жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Мемлекеттік кепілдіктің ең жоғары сомасы бір салымшыға бір банк үшін ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан күнгі баламада).
Қосымша ақпарат – ҚДКБҚ www.kdif.kz ресми интернет-сайтында. ҚДКБҚ мамандарынан мына телефондар арқылы ақыл-кеңес алуға болады: 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін), +7 (727) 312 24 40, +7 (727) 312 24 41 (Алматы қ.).
Заңды тұлғалардың мәселелер бойынша: Алматы қаласы, 050051, Достық даңғылы 136 («Пионер-3» БО), 3 қабат.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!