Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі туралы


«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Акционерінің 2015 жылдың 26 мамырдағы №199 (бұдан әрі – Қор) шешімімен Қордың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қордың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасына, сондай-ақ Қорда қалыптасқан тәжірибеге сәйкестендіру мен өзектендіру мақсаттарында енгізілді. Атап айтқанда, өзгерістер  «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының Директорлар кеңесінің құрамында тәуелсіз директорлар 30 %-дан кем болмауы тиіс баптарын Қор Жарғысында бекітеді.

Бұдан өзге, аталған өзгертулер мен толықтырулар арқылы басқа сұрақтармен қатар, Қордың ішкі аудит қызметі құрылды, ішкі аудит қызметі құзыретінің мерзімі,сандық құрамы, ішкі аудит қызметі құзыретінің мерзімі, оның басшысы мен мүшелерін, тәуекел-менеджерін, корпоративтік хатшыны тағайындау, сонымен қатар ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін анықтау бойынша өкілеттіктері «ҚДКБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылды.

Қордың жалғыз Акционері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып табылады, келесі мекен-жай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ-сы, Көктем-3 ы.а., 21-үй, тел./факс: 8 (727) 2704703, e-mail: hq@nationalbank.kz, веб-сайт:www.nationalbank.kz.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!