Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша кепілдік

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 2 минут
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)2292918

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халыққа арналған тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы туралы


Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатын болады. Алтын құймаларды екінші деңгейдегі банктердің клиентке «күнбе күн» ақша төлеу арқылы кері сатып алу мүмкіндігі олардың өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болады. 

 

Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатын болады. Алтын құймаларды екінші деңгейдегі банктердің клиентке «күнбе күн» ақша төлеу арқылы кері сатып алу мүмкіндігі олардың өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болады.

Бағдарламаға қатысатын алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы дайындады және 10, 20, 50 және 100 грамм болып төрт түрде ұсынылды. Мәселен, 10 грамдық құймалар күрең қызыл, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір түсті арнайы ораумен және 100 грамдық құймалар – алтын түстес ораумен ұсынылды.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бедерлі қыр) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы ораумен шығарылады.

Қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан, құйманы ұқыптау сақтау және орауын ашпау ұсынылады.

ҚДКБҚ естеріңізге салады: алтын құймалар – депозиттерге кепілдік беру жүйесінің объектісі болып табылмайды.

Ұлттық Банктің тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларына, сондай-ақ бағдарламаға қатысушы банктер туралы ақпаратқа байланысты барлық мәселелер бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 (727) 2704 569.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!