Баспасөз қызметі Жаңалықтар

6-12 мамыр аралығында интернет-конференция өткізіліп, оның барысында Қор Төрайымы Бақыт Мәженова www.mln.kz сайтында «Миллионер» газеті оқырмандарының сұрақтарына жауап берді

20 мамыр, 2010

6-12 мамыр аралығында интернет-конференция өткізіліп, оның барысында Қор Төрайымы Бақыт Мәженова www.mln.kz сайтында «Миллионер» газеті оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

Менің Валют-Транзит банкіндегі салымым сол сәтте болған кепілдік көлем - 700 мың теңгеден артық болды. Сіздің қорыңыздан өтемді толық көлемде алдым, бірақ енді қалған соманы қалай алуыма болады?
Депозит бойынша қалған сома мен сыйақыны төлеуге байланысты міндеттемелер банктің тарату комиссиясына жүктеледі. Қордың және Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің интернет-сайтында Қазақстан қалаларындағы тарату комиссиясы бөлімшелерінің тізімі байланыс деректерімен бірге жарияланды.

Банкте маған түсіндіргендей, қазіргі күні кепілдік сома – 5 миллион теңге. Әрине, бұл өте жақсы сома. Мен депозитке 37 айға 2 миллион теңгеден аса сома салдым. Бірақ, сонда да толқимын: тынышсыз уақыт, оның үстіне дағдарыс әлі де аяқталған жоқ. Менің мынаны білгім келеді: егер ақша екі жылдай банкте жатып, банк кенеттен банкротқа ұшыраған жағдайда маған тиесілі пайыздар өтеледі ме?
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банк мәжбүрлі таратылған жағдайда Қор салымшыға есептелген сыйақысыз салымшының банктік шотындағы (шоттарындағы) ақша қалдығына тең кепілдік өтем жасайды. Егер банктік келісім шартта сыйақының капиталға айналуы көзделген болса, яғни Сіз депозит бойынша сыйақыны алмай, ол арқылы салымның негізгі сомасын толықтыратын болсаңыз, онда бұл сыйақы кепілдік өтемді есептеу кезінде ескерілетін болады. Егер банк сыйақыны осы салымшының басқа арнайы банктік шотына (мысалы, ағымдағы шотқа немесе карт-шотқа) аударатын болса да сыйақы есепке алынады.

Қазіргі уақытта Валют-Транзит Банкінің кепілдік салымдары төленеді ме? БТА Банкіне өтініш жасаған едім, бірақ, төлемдердің тоқтатылғандығын айтты.
Бастапқы үш жыл Қор кепілдік өтемді банк-агент – «БТА Банк» АҚ арқылы төледі. Ал 2010 жылдан бастап кепілдік өтемді алу үшін салымшы Қорға тікелей өтініш жасауы тиіс. Сіз өтінішіңізді және Сіздің депозитіңіз бойынша құжаттарды Қордың мына мекен-жайына: 050040, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, 509-кабинетке жіберуіңізге болады. Өтініш үлгісі мен кепілдік өтемді алу үшін құжаттар тізімін сіз біздің www.kdif.kz интернет-сайтымыздан «Салымшыларға арналған ақпарат» бөлімінен таба аласыз.

Банк таратылған жағдайда жиналған пайыздық сыйақы неге қайтарылмайды, өйткені, біздің ақшамыз жұмыс істеді емес пе, пайда әкелді емес пе?
Заңнамаға сәйкес депозит бойынша есептелген сыйақы кепілдік өтем мөлшерінде ескерілмейді. Оны алу үшін салымшы банктің тарату комиссиясына өтініш жасауы тиіс.
Мемлекет банктердегі жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік бере отырып, банк таратылған жағдайда салымшылардың шығынының орнын толтыра отырып, халықтың әлеуметтік қорғалмаған жігін артықшылықты қорғау бойынша өз функциясын орындайды. Осы кезде мемлекет өзіне салымшының инвестициялық тәуекелінің орнын толтыру бойынша міндеттемені алмайды: депозиттер бойынша пайыздар салымшының инвестициялық тәуекелі болып табылады және бұл тәуекелді ол өзіне алуы тиіс. Не болмаса, банк тарату комиссиясы атынан есептелген сыйақы бойынша депозитор алдындағы өз міндеттемелерін орындауға тырысуы тиіс.

Сіздер бұдан кейінде депозиттер бойынша ұсынылатын мөлшерлемені төмендететін боласыз ба? Олар қандай деңгейге дейін жетуі мүмкін, мысалы, болашақ екі жылда?
Депозиттер бойынша сыйақылардың ұсынылатын мөлшерлемесін өзгерту туралы шешім Қордың Консультативтік кеңесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктермен бірлесе отырып қабылданады. Олар депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің депозиттік саясатын нарықтың инвестициялық мүмкіндіктерімен және ақша-несие саясатының бағыттарымен сәйкес келтіру мақсатында белгіленеді.
Олардың одан әрі өзгеруі макроэкономикалық көрсеткіштерге және ақша-несие саясатының даму бағыттарына тәуелді болады.


← Барлық жаңалықтар
Шұғыл байланыс
8 800 080-10-20
Қазақстан бойынша тегін
Байланыс ақпарат
(727)
272-05-51
(727)
272-11-22
Көктем-3, 21 үй
050040 Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы
root@kdif.kz
Хабарламаны жіберу
Жол схемасы
Бастапқы парақ ету
Сайттың қолдауы – «Қалалық Геоақпараттық Орталығы» ЖШС-i