Қор туралы → Біздің миссиямыз


Біздің миссиямыз

 

Банк депозиттеріне  кепілдік беру жолымен салымшылардың мүддесін қорғау және қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда олардың шығынын өтеу.


 

Дүниетанымдық тұжырымдама


  • • Депозиттерге кепілдік берудің тиімді жүйелерін құрудың халықаралық принциптеріне сәйкес келу;

  • • Өз миссиясын таңдаулы әлемдік тәжірибенің жетістіктерін пайдалана отырып атқару



Стратегиялық мақсаттар


•
Дамыған бизнес-процестерге сүйеніп,  міндеттерді орындау даярлығы;

•
Депозиттерге кепілдік беру жөнінде жұртшылықты хабардар ету;

•
Серіктестік қарым-қатынасты нығайту.

 


Негізгі міндеттер

• қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу,

•
кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған   арнайы  резерв қалыптастыру;

•
қатысушы банктің жұмысы тоқтатылған кезеңде және қатысушы банкті барлық банктік операцияларды жүргізуге берілетін   лицензиялардан айырған кезде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына кіру;

• мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының және кредиторлар комитетінің құрамына тарату комиссиясы Қор төлеген (төлейтін) кепілдік берілген өтем сомасы бойынша оның алдындағы берешегін өтегенге дейін қатысу және т.б.