Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Мағжан Әуезов және Сәбит Хәкімжанов Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Директорлар кеңесінің құрамына енді


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының 2016 жылғы 26 сәуірдегі №214 Жалғыз акционері – ҚР Ұлттық банкі - шешімімен ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы анықталды.

Осылайша, ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамына:

тәуелсіз директор ретінде Қазақстан Қаржыгерлерінің Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Әуезов Мағжан Мұратұлы,
Жалғыз акционер өкілі ретінде ҚР Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылық пен тәуекелдер департаментінің директоры Хәкімжанов Сәбит Темірханұлы енді. 

Қазіргі уақытта ҚДКБҚ Директорлар кеңесі 7 директорлардан: үш тәуелсіз директордан, үш ҚР Ұлттық Банкі өкілдерінен және ҚДКБҚ Төрағасынан Қоғылов Б.Б. құралған. Мұндай директорлар кеңесі құрамы ҚР акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы мен депозиттерге кепілдік беру жүйесінің Халықаралық қауымдастығы ұсыныстары мен ең жақсы халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.

Директорлар кеңесінің толық құрамымен ҚДКБҚ ресми сайтында танысуға болады www.kdif.kz.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБҚ) екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

ҚДКБҚ сот шешімімен банк қызметін мәжбүрлеп тоқтатқан жағдайда банк шоттарының барлық түрлерінде орналастырылған жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттарын қайтару бойынша (соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карта-шоттардағы) депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді. Қазіргі таңда 34 банкі депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

ҚДКБҚ кепілдігі жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлық салымдарына таралады. Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғарғы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгені, шетелдік валютадағы депозиттері  бойынша 5 000 000 (бес миллион) теңгені (баламасында) құрайды.

Қосымша ақпарат www.kdif.kz ҚДКБҚ ресми  интернет-сайтында қолжетімді

Мамандар кеңестерін 8 8000 80 10 20 телефон шалу арқылы алуға болады (қоңырау шалу тегін)

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!