Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

2030 қаржы секторын дамытудың стратегиясы

 

2014 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген. Тұжырымдаманы жүзеге асырудың мақсаты қаржы делдалы функциясын барынша тиімді жүзеге асыратын қаржы секторын қалыптастыру қоғам мен мемлекет үшін де, сол сияқты қаржы ұйымдары үшін де болып табылады

Әлеуетті күйзелістер туындаған жағдайда қоғам мен мемлекеттің қаржы жүйесінің орнықтылығына қолдау көрсетуге шығасыларын азайту жөніндегі міндетін ерте ден қою, банктерді сауықтыру және тарату жүйелерін жетілдіру арқылы атқару үшін келесілер талап етіледі:

  • Шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдану негіздерін, дәрменсіз банктерді сауықтырудың және реттеудің институционалдық жүйесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сауықтыру жөніндегі шараларды іске асыру кезіндегі жауапкершілік шегін қайта қарау
  • Ерте және қадағалаушылық ден қою шаралары шеңберінде сауықтыру жөніндегі құралдардың банктегі проблемалардың күрделілігіне сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, қадағалау шаралары олардан ажырату
  • Банкті консервациялау және активтері мен міндеттемелерін (негізінен, жеке тұлғалардың депозиттерін) ішінара не толық мөлшерде басқа банкке беру түрінде банктің қаржылық жай-күйін сауықтырудың қаржы нарығына қатысушылар үшін пәрменді, «ауыртпалықсыз» және депозитарийлер - жеке тұлғалар үшін түсінікті тетігін әзірлеу

Осы шаралар, сондай-ақ кепілдік беру жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар шеңберінде:

  • Дәрменсіз банктерді реттеу рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі функцияларды (яғни, банкті лицензиясынан айырғаннан кейін) «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына беру
  • Сауықтыру жөніндегі іс-шаралар құны банкті тарату құнынан төмен болғандығы (The Least Cost Method) құжаттамалық тұрғыдан расталған жағдайда, депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қаражатын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сауықтыру процесіне тікелей қатысқан жағдайда ғана пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету
  • Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығының депозиттерге кепілдік берудің тиімді жүйелеріне арналған негізін құрайтын қағидаттар ұсынымдарын ескере отырып, жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру сомасын одан әрі ұлғайту жөніндегі мәселені қарау (кепілдікті өтеу сомасы шоттар саны бойынша өтеу кемінде 90%-ды құрайтындай, ал депозиттердің жиынтық сомасы бойынша 50%-дан аспайтындай етіп белгіленуі тиіс)
  • Салымдарға кепілдік беру жүйесінің заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына қолданылуы туралы мәселені қарау

Бұл ретте банк заңнамасын банктерді сауықтыру/реттеу жөнінде шаралар жүргізудің рәсімдік негіздерін және критерийлерін (Р&А, тұрақтандыру банкі, банктің берешегін акционерлік капиталға мәжбүрлеп айырбастау жөніндегі тетік және тағы басқа) айқындауды көздейтін бөлігінде жетілдіру мәселесі шамамен 2016-2018 жылдары қаралатын болады.

Банктерді тарату жүйесін жетілдіру жаңа институционалды тәсіл жасауды, сондай-ақ таратушының проблемалық банктің баланстарынан өтеп алуға болмайтын берешекті есептен шығару рәсімдерін оңайлатуды көздейді.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!