Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Қоғылов Бақыт Бектұрғанұлы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Төрағасы болып тағайындалды, Абжанов Қуанышбек Қайратұлы Қор Төрағасының орынбасары болып тағайындалды


Қордың жалғыз акционері – ҚР Ұлттық Банкінің 2014 ж. 30 сәуіріндегі № 182 шешімімен Қор Төрағасының орынбасары қызметін атқарған Қоғылов Бақыт Бектұрғанұлы Қор Төрағасы және Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтеріне тағайындалды.

Бақыт Бектұрғанұлының ҚР Ұлттық Банкінің банктік қадағалау және сақтандыру ұйымдарын қадағалау бөлімшелерінде 20 жылдан астам, соның ішінде 15 жылдан астам басшы қызметтерінде еңбек өтілі бар.
Қазақ басқару академиясының «экономист» мамандығы бойынша түлегі (1997). 1970 ж. 22 қазанда дүниеге келді.
 
2014 ж. 2 маусымында Абжанов Қуанышбек Қайратұлы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
 
Қуанышбек Қайратұлының ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінде, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінде, Еуразиялық Экономикалық Комиссияда (Мәскеу) қаржы ұйымдарын қадағалау саласында басшы қызметтерінде, сонымен қатар қаржы ұйымдарында активтерді инвестициялық басқару және тәуекелдерді басқару саласындағы қызметтерде тәжірибесі бар.   
Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетті үздік бітірді. Brunel University (Лондон, Ұлыбритания) Менеджмент саласында магистр дәрежесі бар. «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасының стипендианты.
Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!