Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

ҚДКБҚ Qazaq Banki салымшылары алдындағы міндеттемелердің сомасынан 90%-нан артық өтеді


Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге өтемақы төлеуді жалғастырып отыр. Төлем 2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 24 маусымға дейін Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ банк-агенті арқылы жүргізіледі.
Ағымдағы жылғы 23 қаңтардағы деректер бойынша бүкіл республика бойынша шамамен 18,6 миллиард теңге жалпы сомасына банк-агентке жүгінген «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына кепілдік өтемақысын төлеу жүзеге асырылды.

Банк-агент арқылы төлем мерзімінің аяқталуына дейін 153 күн қалғанына қарамастан, ҚДКБҚ-мен таратылатын «Qazaq Banki» АҚ салымшылары алдында міндеттемелері 91%-ға орындалды.

Бұнымен қоса, республиканың барлық өңірлері бойынша 4 мың адам төлемдерін алды, бұл «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының жалпы санынан 22% құрайды. Салымшылардың мұндай төмен белсенділігі таратылған банктің депозиттік база құрылымын ерекшеліктерімен шартталған. Банк-агенттің деректері бойынша, негізінен, өтеуге 5 миллион теңгеден кем емес депозиттер сомасы бар салымшылар жүгінді. Осындай депозиттер бойынша төлемдердің үлесі төлемдердің жалпы сомасында 73% құрады. Бұл орайда төлемі үшін банк-агенттің бөлімшесіне жүгінген салымшылардың 74% 5 мың теңгеден кем жиналған депозиторлар құрайды.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ «Qazaq Banki» АҚ клиенттеріне жедел қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасады. Банк-агентпен таратылған банктің барлық салымшыларының 99%-ы тұратын Қазақстанның 16 қаласында төлемдері жүзеге асырылуда. Барлық Қазақстан бойынша банк-агенттің бөлімшелері күнінен кемінде 2 000 клиенттерді өңдеудің өткізгіштік қабілеттілігіне ие. Төлемдердің алғашқы күндерінде, банк-агентке жүгінудің ең үлкен саны байқалған кезде, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ барлық Қазақстан бойынша күніне орташа алғанда 500 салымшыларға кепілдік өтемақы төлемдерін жүзеге асырды. Қазіргі уақытта банк-агентке төлемдерін алуға жүгінген салымшылардың саны күніне 150 адамнан аспайды.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ «Qazaq Banki» АҚ салымшыларымен жұмыс істеу бойынша рәсімдері салымшы өтінімінің берілген күні төлемді жүзеге асыру үшін оңтайландырылды. Мысалы, «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының 83% төлемдерін бір күнде алды. Салымшылардың қалған 17% бойынша – ең алдымен мүдделерін сенімхат бойынша үшінші тұлғалар өкілдік ететін салымшылар бойынша, мұрагерлеріне, және басқа тұлғаларға қатысты қосымша ақпарат пен кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес тексеру қажеттөлемдері бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылды.

Бұл орайда, «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының 87% ақшаны банк-агенттің кассасында қолма-қол алуды қалады, салымшылардың 13% банк-агенттегі немесе басқа банктегі банктік шотына ақша аударымын таңдады.

Әзірше банк-агентке өтемақысы үшін жүгінбеген «Qazaq Banki» АҚ салымшылары 2019 жылғы 24 маусымға дейін Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ кез келген бөлімшелерінде өтінім беруге құқылы. Осы күннен кейін өтінімді тікелей ҚДКБҚ-на тікелей беруге болады.

ҚДКБҚ-да сондай-ақ, «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясының есептелген және капиталдандырылмаған сыйақысын немесе максималды кепілденген сомасынан жоғары депозиттер сомасын төлеу бойынша талаптарына ие «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының өтінімдерін қабылдау жалғасып жатқанын еске салды. Банктің барлық кредиторларының, сонымен қоса жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдау 2019 жылғы 21 ақпанға дейін «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясының филиалдарында жүргізіледі.

Өтініш беру тәртібін тарату комиссиясының байланыс орталығынан анықтауға болады: +7 (727) 380 39 51, +7 (717) 291 92 60. «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясы сондай-ақ салымшыларды төлем сомасын есептеуге байланысты мәселелер бойынша: валютаның айырбас бағамын қолдануға, сыйақыны есептеуге және капиталдандыруға, кепілдік сомасын және таратылатын банк алдындағы міндеттемелер сомасын есепке алуға өтініш білдіруді сұрайды.
Депозиттер бойынша кепілдік туралы жалпы ақпарат және «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына төлеу барысы туралы өзекті ақпарат Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының www.kdif.kz веб-сайтында және Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ банк-агенттің www.vtb-bank.kz веб-сайтында қолжетімді.
Салымшылар кеңес алу үшін @kdif_ask Телеграм-чатына, Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының call-орталығына тегін 1460 қысқа нөмірі бойынша хабарласа алады немесе ҚДКБҚ–ның www.kdif.kz веб-сайтына сұрау сала алады. Филиалдар мен бөлімшелердің жұмысы туралы және өтемақы төлеу туралы ақпаратты Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның анықтама қызметінен 5050 қысқа нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) алуға болады.

Анықтама

«Qazaq Banki» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімі негізінде барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылды. 2018 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. Алматы қаласы МАЭС-ның 2018 жылғы 24 қазандағы шешімі 2018 жылғы 12 желтоқсанда заңды күшіне енді. Сол күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасы Т.З. Хасанов бастаған банктің тарату комиссиясын тағайындады.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!