Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

ҚДКБҚ мен IADI Алматы қаласында қаржылық сауаттылық мәселелеріне арналған, халықаралық конференция өткізеді


2019 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) мен Депозиттерді сақтандыру жүйесінің халықаралық қауымдастығы (IADI) Қазақстанның Ұлттық Банкінің қолдауымен «Депозиттерге кепілдік беру мен қоғам: байланыс, қаржылық сауаттылық, ашықтық» халықаралық конференциясын өткізеді.

Қаржылық сауаттылық әрбір адамның табыс пен шығыстарды жоспарлау, ақшаны басқару, инвестициялау құралын таңдау, жеке жинақтың қорғалуы жөнінде хабардар болу тәрізді күнделікті қаржылық шешімдер қабылдауын анықтайды. Қаржылық сауаттылық қаржы басқаруда өзін сақтандырумен қатар, халықтың қаржылық нарықтағы белсенділігін арттырады, бұл өз кезегінде оны әрі қарай дамытып, толықтай қаржылық тұрақтылыққа себептеседi.
Халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейін өлшеу және бағалау оңай емес. Әлемдік тәжірибеде халықтың қаржылық сауаттылығын бағалайтын бірыңғай тәсіл жоқ, алайда оның негізгі белгілері ретінде хабардар болуы (қаржының негіздерін түсінуі) мен тұтынушының қаржылық мінез-құлқы танылады.

Халықаралық рейтингтік агенттік өткізген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, Қазақстанның ересек халқының қаржылық сауаттылық үлесі 40%-ға жуық . Мысалы, Дания, Норвегия мен Канадада бұл көрсеткіш 70%-ға жетеді.

Салымшылардың өз жинақтарының банкте қорғаулы екендігіне сенімі де халықтың қаржылық сауаттылығының бөлігі болып саналады. Депозиттерді сақтандыру жүйесі халық оның жұмысы жөнінде білмеген жағдайда, тиімсіз болады. Депозиттерді сақтандырудың Канадалық корпорациясының (CDIC) зерттеулеріне сәйкес, ақпараттық кеңістікте депозиттерге кепілдік беру жөнінде айтуы салымшылардың өз жинақтарының сақталуына сенімін 50% арттырады. Бұл сенімділік теріс ақпарат пайда болған жағдайда, банктердегі депозиттерден жаппай ақша шығару тәуекелін азайтады және қаржы жүйесінің тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Егер салымшылар өз депозиттерінің қорғалғандығы жөнінде хабардар болмаса, депозиттерден жаппай ақша шығару мүмкіндігі 40% артады.

ҚДКБҚ халықты ақпараттандыру бойынша атқарған жұмысына қарамастан, ҚДКБҚ-ның 2018-2019 жж. үш таратылған банк салымшыларының (300 мың адам) депозиттері бойынша кепілдендірілген төлемдерін жүзеге асыру тәжірибесі салымшылардың үлкен бөлігі кепілдік жөнінде білмейтіндігін немесе кепілдікке сенбейтіндігін көрсетті. Халықты ақпаратпен қамту ауқымын кеңейту мақсатында баспасөз-релиздері, сайт пен БАҚ-тағы мақалаларға қоса, ҚДКБҚ колл-центрдің жұмысын арттыру мен әлеуметтік желілерде белсенділікті арттыру жұмыстарын жүзеге асырды. ҚДКБҚ міндеті - салымшыларды төлемге дайындау үрдісі жөнінде ашық және уақытылы ақпараттандыру, олардың сұрақтарына мәнді жауап алуын қамтамасыз ету.

Екі ай ішінде ҚДКБҚ желісі 4 мыңға жуық қоңырау қабылдады; Телеграм мессенджерінде тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн режимінде салымшыларға кеңес беру жүзеге асырылды. Байланыс арналарының мәліметтеріне сай, салымшылардың белсенділігінің ауытқуы төлемді күту кезеңінде орын алып, сұрақтар төлем уақыты, сомасы мен тәртібі жөнінде қойылған. Төлем беру басталған кезде қоңыраулар саны айтарлықтай азайды (2 есеге дейін). Қоңыраулардың басым көпшілігі Алматы мен Астана қалаларынан (87%) келген, Қазақстанның басқа аймақтарынан белсенділік төмен деңгейде болды. Осылайша, ҚДКҚ алдында бұрынғыша тұрақтылық кезеңінде халықты ақпараттандырудың жаңа тиімді арналарын табу мен аймақтардағы салымшыларды ақпаратпен қамту ауқымын арттыру міндеті тұр.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі Қазақстанда ғана емес, әлемнің өзге дамыған және дамушы елдерінің өзекті мәселесі болып табылады. Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру – үздік халықаралық тәжірибені толық зерттеу мен қолдануды талап ететін ұзақ мерзімді міндет. Осы мақсатта ҚДКБҚ Ұлттық Банктің қолдауымен Алматы қаласында «Депозиттерге кепілдік беру мен қоғам: байланыс, қаржылық сауаттылық, ашықтық» халықаралық конференциясын өткізеді.

IADI мақсаты депозиттерге кепілдік беру саласында стандарттар мен әдістемелерін қалыптастыру жолымен әлемдегі қаржылық жүйелердің тұрақтылығын сақтау болып табылады. IADI ҚДКБҚ өз қызметінде қолданатын, негізін құраушы қағидаларды қалыптастырды. IADI қауымдастығында 110 мүше бар, соның ішінде 86 депозит сақтандырушы, 10 орталық банк пен кейбір елдердің мемлекеттік органдары және 14 серіктестері: Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру мен даму банкі мен Қаржылық қолжетімділік альянсы. IADI мүшелігі депозиттерге кепілдік беру саласында мол білім мен тәжірибеге қолжетімділікке жол ашады, сондай-ақ елдегі депозиттерге кепілдік беру жүйесінің тиімділігін тәуелсіз эксперттік бағалауға мүмкіндік береді.

IADI алаңында Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті мен Қаржылық тұрақтылығы кеңесі қатысуымен жинақтарды сақтандыру жүйесі жөнінде халықты ақпараттандыры мәселелері бұрын талқыланды. 2012 жылы IADI Зерттеу мен басқару комитеті «Жинақтарды сақтандырудың тиімді жүйесі үшін кеңейтілген нұсқаулық: жинақты сақтандыру жүйесі жөнінде қоғамның хабардар болуы» атты нұсқаулықты қалыптастырды. Қоғамды ақпараттандыру депозиттерді сақтандыру жүйесінің тиімділігін бағалау үшін IADI негізін қалайтын қағидаларына кіреді. Алайда, өзгермелі экономикалық жағдай мен үнемі дамып келе жатқан қаржылық нарықтар халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша шараларды өзектендіруді талап етеді, бұл Алматы қаласында конференция өткізудің негізгі түрткісі болып саналады.

Конференция өткізу Қазақстанда қаржылық сауаттылықты арттырумен байланысты барлық мәселелерді тез шешу мақсатын қоймайды, бірақ, бастысы, қаржылық мінез-құлықтың мәдениеті мен қаржылық сауаттылық стратегиясын қалыптастыру мен оны ашық және кеңінен талқылауды бастауға ішкі серпіліс береді. Конференция аясында тәжірибе алмасу осы мәселе бойынша тиімді және үздік тәсілдерді табуға, осы салада кезекті әрекетті анықтау мен қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұйымы, 1999 жылы екінші деңгейлі банктердің салымшыларының құқығы мен заңды мүддесін қорғау мақсатында құрылған.

Депозиттерді сақтандыру жүйесінің халықаралық қауымдастығы (International Association of Deposit Insurers, ІADI) – 110 депозиттерді сақтандыру ұйымдарының, орталық банктер мен халықаралық қаржылық ұйымдарын біріктіретін кәсіби ассоциация. Ассоциация әлем бойынша қаржылық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған, қатысушылар арасында тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасацды. IADI 2002 жылдың мамырында құрылған және Базель қаласында (Швейцария) Халықаралық есеп айырысу Банкінде (Швейцария) орналасқан.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!