Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Банк ЦентрКредит арқылы Валют-Транзит Банкі салымшыларына қосымша өтем төлеуін жалғастырады


Банк ЦентрКредит арқылы Валют-Транзит Банкі салымшыларына қосымша өтемді төлеу мерзiмін 2016 жылдың 10 тамызына дейiн ұзартуды көздейтін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры және Банк ЦентрКредит арасында жасасқан қосымша келісімге қол қойылды. Валют-Транзит Банкіндегі депозиті кепілдіктің ең жоғарғы сомасы - 700 мың теңгеден асқан салымшылар әрмен қарай Банк ЦентрКредитке өтініш білдіріп, депозит қалдығы 5 миллион теңгеге дейін салым сомасын алуына болады.

Бұл шешім әлі өтемді алуға өтінішті бермеген Валют-Транзит Банкі салымшыларының мүддесінде  қабылданды: Банк ЦентрКредит бүкіл ел бойынша кең таралғын филиалдық желiге және аймақтағы салымшыларға – жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие , ол өз кезегінде салымшылардың өтініш беру процесін және олармен ақша алуын анағұрлым жеңілдетеді.

Валют-Транзит Банкі салымшыларымен қосымша есепайырысуды жүргізу - бұл маңызды әлеуметтік бастама, іс жүзінде жалпыәлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ болып саналады. 

Еске сала кетсек, Валют-Транзит Банкін тарату туралы шешім 2007 жылы қабылданған болатын. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға 700 мың теңге көлеміндегі депозиттерді өтеді (бұл 2007 жылғы заңнама бойынша кепілдіктің ең жоғарғы сомасы).

2015 жылдың тамызында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Банк ЦентрКредит арқылы Валют-Транзит Банкі салымшыларына қосымша өтем төлеуін бастаған болатын. Шамамен 5 мыңға жуық салымшы қосымша өтем алуға үміттенуге құқылы, олардың талаптарының жалпы сомасы 4,25 млрд. теңгені құрайды. Олардың ішінде, 2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 4 200 астам салымшылардың өтініштері бойынша жұмыс аяқталып, міндеттемелердің сомасынан шамамен 91% өтелді.  

Қосымша есепайырысулар бойынша салымшылармен жұмыс аяқталғаннан кейін тарату комиссиясында 5 миллион теңгеден артық депозиттері бар 223 салымшылар алдында ғана міндеттемелері қалады. Осылайша, бүгінгі күнде Валют-Транзит Банкі салымшыларының басым көпшілігі өтемін алып үлгерді не болмаса әлі де өз депозиттері бойынша өтемді толық көлемде алуға мүмкіндігіне ие.

Естеріңізге саламыз, есептелген сыйақы немесе 5 миллион теңгеден астам депозит сомасы бойынша талаптары бар салымшылар алдындағы міндеттемелерді Валют-Транзит Банкінің тарату комиссиясы жүзеге асырады. 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБҚ) екінші деңгейдегі банктер салымшылары құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің еншілес ұйымы болып табылады. 

ҚДКБҚ сот шешімімен банк қызметін мәжбүрлеп тоқтатқан жағдайда банк шоттарының барлық түрлерінде орналастырылған жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттарын қайтару бойынша (соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карта-шоттардағы) депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді. Қазіргі таңда 34 банкі депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады. 

Мемлекеттік кепілдік жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлық салымдарына таратылады. Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгені, шетелдік валютадағы депозиттері  бойынша 5 000 000 (бес миллион) теңгені (баламасында) құрайды.  

Қосымша ақпарат www.kdif.kz. ҚДКБҚ ресми  интернет-сайтында қолжетімді. Мамандар кеңестерін 8 8000 80 10 20 телефон шалу арқылы алуға болады (қоңырау шалу тегін).

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!