Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Валют-Транзит Банк салымшыларына қосымша төлемдерді төлеу үшін ЦентрКредит Банкті агент-банк ретінде тағайындады


Бүгін, 4 тамыз, 12:00 «Интерфакс-Қазақстан» баспасөз орталығында (Алматы, Курмангазы к. 61а, 3-қабат) Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына төленетін қосымша өтемдерге қатысты баспасөз жиыны өтті. Оған ҚДКБҚ Төрағасы Қоғылов Бақыт, ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Әбжанов Қуанышбек және «ЦентрКредит Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Владислав Ли қатысты.

(Алматы) 2015 жылдың 01-тамызынан бастап күшіне енген Заң 2007 жылы банкротқа  ұшыраған  Валют-Транзит Банк  салымшыларына депозиттері бойынша  қосымша  өтем  алуларына мүмкіндік береді.

«Қазақстанның депозиттерге  кепілдік беру қоры» «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамындағы   депозиті 700 мың теңгеден асқан әр салымшыға («Валют-Транзит Банк» АҚ  банкротқа ұшыраған сәттегі   кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы) депозиті бойынша қалдық сомасын кепілдік өтем ретінде төлеп береді, бірақ есептелген сыйақы  төленбейді және көлемі 5 миллион теңгеден аспайды.

ҚР Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов хабарлағандай, төлемдер 4995 салымшыға төленеді,жалпы сомасы 4,25 млрд.теңге, төлемдер Депозиттерге кепілдік беру қорының қаржысы есебінен төленеді. 4772 салымшының негізгі қарыз бойынша талаптары толық мөлшерде орындалмақ. Қалған, яғни салым сомасы 5 млн теңгеден асатын 223 салымшымен жұмыс заңнамада бекітілген тәртіппен таратушы комиссиямен арада жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік кепілдік жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банктегі депозиттеріне таралады, бұған кіретіндер: шұғыл  депозиттер, талап етуге дейінгі салымдар, шартты салымдар, ағымдағы есеп-шоттар мен банк карточкаларындағы ақшалар. 

2007 жылы «Валют-Транзит Банк» АҚ банкротқа ұшыраған сәтте сақтандыру сомасы 700  мың теңгені құрады және салымы осы сомадан аспайтын әр салымшы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан төлемді  уақытылы алған болатын. Ол кезде төленген сома 13,88 млрд. теңгені құрады.

Қоғылов Бақыт, Владислав Ли

Қоғылов Бақыт, Владислав Ли

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасы Бақыт Қоғұловтың баспасөз жиынында хабарлағанындай, Қор Заңға сәйкес барлық  қажетті процедураларды жүргізді және конкурстық негізде агент-банкті тағайындады, ол салымдары 700 мың теңгеден асқан салымшыларға қосымша төлемдер төлейтін болады. 

Агент-банкті тағайындаудағы негізгі шарттар: филиалдық желісінің ауқымдылығы, банктің тұрақты қаржылық жағдайы. «ЦентрКредит Банкі» АҚ барлық көрсеткіштерге сай болды, ол  Депозиттерге кепілдік беру қоры директорлар кеңесінің шешіміне орай Валют-Транзит Банк салымшыларына қосымша төлемдерді төлеу жөніндегі агент-банк болып табылады. 

ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Владислав Ли банктің төлемдерді жүзеге асыруға дайын екендігін  растады.

«Кепілдік берілген өтемді алу үшін салымшылар біздің банктің филиалдарының өзі тұратын мекен-жайы бойынша кез-келген операционды басқармасына хабарласа алады және аз ғана құжат - арыз бен жеке басын куәландыратын құжат өткізеді», деді ол.

Өтемді алу үшін өтініштер 2015 жылдың 10-тамызынан бастап қабылданады. Ақша банкке хабарласқаннан бастап 5  күн  ішінде төленбек. «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның  салымшы жеке тұлғалары ЦентрКредит Банкке 6  айдың ішінде хабарласуға құқылы, 6 ай өткеннен кейін төлемді алу үшін салымшылар тікелей Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына хабарласа  алады.

Толық ақпаратты Қорға мына телефондар бойынша хабарласып алуға болады 8 800 080 10 20 (Қазақстан бойынша телефон соғу тегін) немесе  банк-агент бөлімшелерінде.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы,  1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Депозититерге кепілдік  беру жүйесіне қатысушы банктердің  жеке тұлғалар алдындағы, яғни    банктердің  есеп -шоттарына (оның ішінде жинақтаушы, ағымдағы  және карт-шоттардаі)  орналастырған  қаржыларын  қайтару жөнінде  банктердің  міндеттемелеріне  кепілдік  береді. Қазіргі уақытта аталмыш жүйеге  34 банк кіреді. 

Мемлекеттік кепілдік ұлтық валютадағы салымдарға 10 миллион теңгеге дейін және шетелдік  валютадағы салымдарға 5 миллион теңгеге дейін беріледі.

www.kdif.kz

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!