Контрастты ауыстыру |
Депозиттің түріне және валютасына байланысты кепілдіктің мынадай мөлшерлері көзделген:
Әр түрлі банктерде – депозиттерді кепілдендіру жүйесіне қатысушыларда орналастырылған депозиттер жеке кепілдендіріледі.
2018 жылғы шілдеден бастап бір банкте түрлері және валютасы бойынша әртүрлі бірнеше депозиттер орналастырылған салымшылар үшін кепілдендірудің жалпы сомасы ұлғайтылды. 15 миллион теңгеге дейінгі кепілдік:
Қалған жағдайларда бір салымшының бір банкке орналастырылған бірнеше депозиттері бойынша кепілдіктің жалпы сомасы бұрынғысынша қалды:
Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтеу сомасы соттың банкті мәжбүрлі тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнгі белгіленген бағам бойынша теңгемен төленеді.
1. Салымшыда бір банкте 10 миллион теңге сомасына жинақ салымы орналастырылған және жыл басынан бері 1,3 миллион теңге сыйақы жинақталған. Салым сыйақымен қоса толық сомаға – 11,3 миллион теңгеге кепілдендіріледі.
2. Салымшыда 11 миллион теңгеге жедел емес салым ашылған. Кепілдіктің ең үлкен сомасы 10 миллион теңгені құрайды, 1 миллион теңге – кепілдендірілмейді.
3. Салымшыда банкте теңгемен 8 миллион теңгеге салым және 8 миллион теңгеге эквивалентті сомаға АҚШ долларында (21 620 АҚШ доллары) ағымдағы шот ашылған. Қор қаражатынан өтеу сомасы 13 миллион теңгені құрайды: 8 миллион теңге – теңгедегі салым бойынша және 5 миллион теңге – шетел валютасындағы ағымдағы шот бойынша.
4. Салымшыда банкте 2 миллион теңге жинақталған сыйақысымен 13 миллион теңге сомасына теңгеде жинақ салымы ашылған. Оның жұбайы осы банкте 15 миллион теңге сомасына теңгеде жинақ салымын ашқан. Бұл отбасының депозиттер бойынша кепілдігінің жалпы сомасы 30 миллион теңгені құрайды, өйткені әрбір салымшының депозиті туысқандықтарына қарамастан жеке кепілдендіріледі.