Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Жас отбасы (отбасылық қаржыны басқару)» конкурсы туралы ақпарат


«Жас отбасы (отбасылық қаржыны басқару)» конкурсы Қазақстанда бірінші рет өткізілуде.

«Жас отбасы (отбасылық қаржыны басқару)» конкурсы – бұл жас жұптарды, қаржылық сауаттылықтан дәріс беретін және қаржы ұйымдарының мамандарын, бизнес-тренерлерді, коуч-тренерлерді, психологтарды қамтитын ауқымды іс-шара болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының аумағында өткізіледі.

Білім беру жобасына негізделген конкурстың бағдарламасы белгілі адамдармен, дөңгелек үстелдермен және мастер-класстармен, сондай-ақ жас жұптарға арналған арнайы конкурстық бағдарламамен өтеді.

Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең сырттай (шарты www.youngfamily.kz сайтында) бетпе-бет кездесу форматында өтетін финалға іріктеу ретінде қызмет етеді.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар мен серіктестерден ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар алады. Конкурстың серіктестері мен демеушілері тағайындаған ақшалай сыйлық қоры 1 600 000 теңгені құрайды.

Конкурстың негізгі идеясы: қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру және отбасылық білім берудің бастауында отбасылық қаржыны басқаруды дағдыландыру арқылы ажырасу санын азайту.

Конкурстың мақсаты: жас отбасылардың беделін насихаттау, қаржылық сауаттылықты дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті, реализм мен прагматизмді қалыптастыруға негізделген жас отбасылардың қоғамдық санасын модернизациялау.

Конкурстың сайты: www.youngfamily.kz

Конкурстың өткізулі кезеңі: 2018 жылдың ақпан – маусым айы.

Конкурстың басталуы: 2018 жылдың ақпан айы.

Конкурс қорытындысы мен сыйлықтарды табыс ету уақыты: 2018 жылдың маусым айы.

Қатысушылар жасы: 18–30 жас аралығындағы жас отбасылар.

 

Конкурстың ақпараттық серіктестері

  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • «Атаменкен» қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы
  • Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
  • «Атамекен» іскер әйелдерінің кеңесі
  • Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
  • «Алтын Дән Қазақстан» ЖШС («Altyn Dan Kazakhstan»)
  • «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» ҚБ (МАИН)
  • «YuStudy» білім-беру орталығы
  • «Жана Ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебі
  • Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы ЖК
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


Конкурстың демеушілері

  • МКО «KMF»
  • «Акжол Tour» туристік агенттігі
  • «Школа финансовой грамотности Айгуль Абдраимовой» ЖШС
  • «Makeup_Shymkent» сән салоны
  • «У Натальи» перде салоны
  • «Almuar» жиһаз салоны
  • «GRACE»,дене эстетикалық салоны

 

Конкурстың таралуы: Әлеуметтік желілерде, баспа және онлайн басылымдарда, YouTube арнасындағы каналдарда «тікелей эфир».

Конкурстың өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғылы 14, Абылай хан көш. қиылысындағы «ҚР Ұлттық Кітапханасы» ғимараты.

Конкурсқа қатысу үшін сайт арқылы тіркелу қажет: www.youngfamily.kz (соңғы мерзімі 23.02.2018 ж.).

Қалған сұрақтар бойынша: +7 747 675 43 37 немесе +7 701 951 79 91

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!