Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Айырбастау пункттерінде алыпсатарлық операцияларға жол бермеу туралы


Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері жүргізетін қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» 2014 жылғы 11 ақпандағы № 18 қаулысы қабылданды. 

Осы қаулыға сәйкес уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының жазбаша өкімінің негізінде айырбастау пункті үшін белгіленген ұлттық валютадағы шетел валютасының бірлігін сатып алу бағамы мен ұлттық валютадағы шетел валютасының бірлігін сату бағамы арасындағы айырма  

  • АҚШ доллары үшін – 2 теңгеден;
  • еуро үшін – 3 теңгеден аспауы тиіс.

Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектері 2014 жылғы 11 ақпаннан бастап қоса алғанда 2014 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылады.

Ұлттық Банк Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінің 48-тармағына сәйкес айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол ұлттық валюта және қолма-қол шетел валютасы болған кезде азаматтарға айырбастау операциясын жүргізуден бас тартуға жол берілмейді.  

Ұлттық Банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектерінің бұзылуын анықтаған жағдайда уәкілетті банктерге және уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды қолданады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына өңірлердегі ахуалдың мониторингі бойынша тиісті нұсқаулар берілді.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!