Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

KDIF кепілдігі: теңгедегі депозиттер бойынша 10 миллион теңгеге дейін, және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллион теңгеге дейін

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру жүйесі

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)2292918

Дүниежүзілік банк Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру жүйесін бағалады


4-5 қыркүйек күндері Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің Халықаралық қауымдастығымен (IADI) бірге ұйымдастырған халықаралық техникалық семинары мен конференциясында Дүниежүзілік банктің қаржылық Аға экономисті Колин МАСЕНИК (Colleen Mascenik) қазақстандық депозиттерге кепілдік беру жүйесінің салымдарын сақтандырудың халықаралық стандартына сәйкес тәуелсіз бағалау нәтижелерін таныстырды.

Дүниежүзілік банктің баяндамасына сәйкес, ҚДКБҚ қызметі «Депозиттерді сақтандырудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін негізге алынатын қағидаттар» атты құжатта баяндалған Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің Халықаралық қауымдастығының (IADI) стандарттары мен ұсыныстарына сәйкес келеді. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банк Қор қызметінің төмендегі бағыттары бойынша қызметінің сәйкестігін атап отыр:

  • депозиттерге кепілдік беру жүйесінде банктердің қатысуына жағдай жасау;
  • өтем сомасы мен кепілдік берілетін нысан;
  • кепілдік берілген өтемді салымшыларға төлеу ережелері;
  • тарату өндірісі: кепілдік берілген өтемді төлеуге байланысты ҚДКБҚ шығынын өтеу.

Дүниежүзілік банктің мамандары Банктік дағдарыс жағдайында және салауаттандыру үдерісін және проблемалы банктерді реттеу жағдайында қосалқы қаржыландыру механизмдерін күшейту қажеттілігін атап өтуде.

2017 жылы 01 тамызындағы деректерге сәйкес ҚДКБҚ салымшыларға өтемді төлейтін арнайы резервтің мөлшері 430,7 млрд. теңгені құрайды. ҚДКБҚ жарғылық капиталының 70%-ын қосқанда салымшылармен есептесу үшін 538,3 млрд. теңге бағыттауға құқылы. Заң жүзінде бекітілген арнайы резерв мөлшерлемесі барлық қатысушы-банктердегі кепілдік берілген депозиттердің 5%-ын құраса, 2017 жылы 01 тамызындағы жағдай бойынша ҚДКБҚ нақты қорландыру мөлшері барлық жеке тұлғалардың депозиттерінің мөлшерлемесінің 5,4% құрады (70% жарғылық капиталды еептесек, 6,7% құрайды).

епозиттерге кепілдік беру сомасының қазіргі деңгейін ескере отырып, жеке тұлғалардың шоттары мен банктік салымдарының 99,7% кепілдік берілген.
Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің тәуелсіз сарапшылары депозиттерге кепілдік беру жүйесінің одан ары дамуының перспективалық бағыттары мен мәселелеріне назар аударды. Оған заңнамалық негізде банктерде қадағалау үдерісінде ҚДКБҚ фунциялары мен құзіреттілігін күшейту, банктік қадағалау қызметінде жүйелік маңызы бар банкті мәжбүрлі түрде тарату орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және институционалдық өзгеріс барысында қаржылық тұрақтылыққа жауапты мемлекеттік органдармен өзара бірлесе жұмыс жасаумен ақпарат алмасу тәртібін қайта қарау жатады. Осыған байланысты заңнамаға сәйкес өзгерістер енгізу ұсынылды.

Тәуелсіз бағалау депозиттерге кепілдік беру жүйесіндегі банктердің қатысу тәртібі, банктің мәжбүрлі түрде тарату орын алған жағдайда салымшылармен есептесу тәртібі, сондай-ақ тарату өндірісі қызметін жүргізу сынды операциялық мәселелердің әлемдік ең озық тәжірбиеге сәйкес келмейтін тұстарын анықтамады, естеріңізге салсақ ҚДКБҚ 2015 жылы салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу және проблемалы банктердің дәрменсіздігін реттеу саласындағы жетістіктері үшін халықаралық IADI сыйлығына ие болды. Атап айтқанда, салымшылармен есептесуді ұйымдастыру үдерістері, өтемді төлеу мәселесін қарастыратын заңның кемелдігі, кепілдік берілген өтемді төлеу үдерістерінің тиімділігі жағынан бағаланды.

Дүниежүзілік банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен болған үш жақты кездесулердің аясында кейбір ұсыныстар мен бастамаларды жылы қабылдап, келешекте Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында айқындалуы мүмкін екенін атап өтті.

Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің Халықаралық қауымдастығы (International Association of Deposit Insurers, IADI) 2002 жылы барлық әлем бойынша әдіснаманы әзірлеу арқылы депозиттерге кепілдік беру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін, ең үздік әлімдік тәжірбиені қамту үшін және халықаралық кәсіби қоғамдастық аясында ынтымақтастықты дамыту үшін құрылды. Халықаралық есеп Банкі алдында негізденеді. Қазіргі уақытта қауымдастықта әлемнің 77 елінен салымдарды сақтандыру бойынша 83 ұйым, сондай-ақ орталық банктің өкілдері және қаржылық қадағалау ұйымдары бар.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған еншілес ұйымы. ҚДКБҚ кепілдік береді – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жеке тұлғалар салымдарына, барлық банк шоттарына (жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттар т.с.с), банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан соң ақшалай жинақтарын қайтарады. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 32 банк кіреді.

ҚДКБҚ кепілдігі заңнамалық тәртіпте жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Мемлекеттік кепілдіктің ең жоғары сомасы ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (баламада).

Қосымша ақпарат ҚДКБҚ ресми интернет-сайты www.kdif.kz қолжетімді.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!