Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«EU BANK («ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ ЕБ)» АҚ-ның (бұрынғы атауы – «БанкПозитив Қазақстан (Апоалим Б.М. Банкінің ЕБ)» АҚ) салымшылардың депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдік сақталады


2016 жылдың 19 қаңтарынан бастап «БанкПозитив Қазақстан (Апоалим Б.М. Банкінің ЕБ)» АҚ-ның атауы «EU BANK («Еуразиялық банк» АҚ-ның ЕБ)» АҚ-на өзгертілді.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабына сәйкес, 2016 жылдың 27 қаңтарында міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк куәлігі қайта рәсімделді.

Салымшылардың назарына: «EU Bank («Еуразиялық банк» АҚ-ның ЕБ)» АҚ міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, жеке тұлғалар - банк клиенттерінің барлық депозиттері, банктік және карточкалық шоттары мемлекеттік кепілдікпен келесі  шектерде қорғалады: 

– ұлттық валютадағы кепілдік берілген депозит бойынша он миллион теңге,
– шетел валютасындағы кепілдік берілген депозит бойынша бес миллион теңге.

Салымшылар жеке тұлғалар депозиттерінің кепілдігі мәселелері бойынша толық мәліметті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының  www.kdif.kz сайтынан, 8 8000 80 10 20 шұғыл телефон желісі арқылы мамандардан кенес алуына болады.

Депозиттерге және банктік шоттарға қызмет көрсету туралы мәселелер бойынша салымшыларды тікелей «БанкПозитив Қазақстан (Апоалим Б.М. Банкінің ЕБ)» АҚ-ның колл-орталағына хабарласуына сұраймыз (8 8000 705 705).

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!