Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Депозиттерді сақтандыру жүйелері Халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы ҚДКБҚ алғысын білдірді


Депозиттерді сақтандыру жүйелері Халықаралық қауымдастығының (IADI) Бас хатшысы Дэвид Уолкер «Ислам банктерінде орналастырылған депозиттерді сақтандырудың және депозиттерге кепілдік берудің тиімді жүйесі үшін негізге алынатын қағидаттар» тақырыбында Халықаралық семинар және конференция жоғары деңгейде өткізгені үшін ресми хатпен ҚДКБҚ алғысын білдірді. Аталған шара IADI мен ҚДКБҚ ұйымдастырумен 4-5 қырқүйекте Алматы қаласында өтті.

Уолкер мырзаның ерекше айтқаны: «Қауымдастық ҚДКБҚ IADI ұйымдастыратын шаралар мен зерттеулерге үздіксіз белсенді қатысатындығын біледі, 2003 жылдан – ҚДКБҚ Қауымдастыққа мүше болған кезден, ҚДКБҚ мойындалған халықаралық стандарттарға сәйкес - тиімді депозиттерге сақтандыру жүйелері үшін негіз болатын қағидалар сияқты талпынуларды ұстанады. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар және ҚДКБҚ жетістіктері IADI Жалпы жылдық жиналысы барысында аталып өтті, ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді төлеу және проблемалы банктердің дәрменсіздігін реттеу аясында «2015 жылдың Депозиттерді сақтандыру ұйымы» деген беделді халықаралық марапатқа ие болды».

Уолкер мырза, соңғы екі жыл ішінде ҚДКБҚ өзінің қызметтерін жетілдіруде жұмысын жалғастырды: Қор халықаралық стандарттарға сәйкес тиісті бағалауды жүргізді және тәуелсіз бағалау үшін кеңесшінің сапасында Дүниежүзілік банкті қатыстырды. Уолкер мырза айта кетті: «Қауымдастық ҚДКБҚ аталған бастамасын және сондай-ақ Қордың алған ұсынысын іске асыруға дайындығын бағалайтындығын» айтты.

Уолкер мырза сондай-ақ, Қауымдастық ҚДКБҚ әрі қарай тығыз әріптестікті және ҚДКБҚ қызметтерін дамыту және жетілдіруді, қаржылық тұрақтылықты сақтауды ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде мүмкіндік беруді жалғастыратындығына сенетіндігін жеткізді.

4-5 қырқүйекте Алматы қаласында IADI мен ҚДКБҚ ұйымдастырумен өткен халықаралық семинар мен конференцияға сарапшы болып бірінші деңгейдегі басшылар, басшылардың орынбасарларs және депозиттерге кепілдік беру ұйымдары бойынша 15 елдің бас сарапшылары келді, атап айтсақ, РФ салымдарын сақтандыру бойынша Агенттіктің (АСВ) өкілдері, АҚШ депозиттерін сақтандыру бойынша Федералды корпорациясы (FDIC), сондай-ақ ТМД, Жапония, Корея, Малайзия, Индонезия, Турция, Иордания, Польша, Болгарияның депозиттерге кепілдік беретін ұйымдарының өкілдері қатысты. ҚР Ұлттық Банктің өкілдері бас қасында болды: ҚРҰБ Төрағасының Орынбасары Смоляков Олег Александрович, Қаржылық тұрақтылық департаментінің директоры Хакимжанов Сабит Темирханович, сондай-ақ ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – ҚР қаржы жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері Таджияков Бисенгали Шамгалиевич. IADI атынан Қауымдастықтың Бас хатшысы Дэвид Уолкер, Қауымдастықтың тәуелсіз кеңесшісі Виджей Дешпанде және зерттеу бойынша маман Николай Ремчуков қатысты.

PDF IADI-дің ресми хаты мәтінмен танысыңыз

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!