Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша кепілдік

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік

Депозиттер бойынша кепілдік

 
  • Депозиттерге кепілдік беру жүйесі дегеніміз не?

    1999 жылы қаржыгерлердің І Конгресінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін құру туралы бастамасымен сөз сөйледі.

    Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату жағдайында салымшыларға міндетті өтем төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады.

    Депозиттерге кепілдік берумəселелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңымен жəне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

  • Депозиттерге кепілдік беруді кім жүзеге асырады?

    Депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыру үшін 1999 жылы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (əрі қарай – ҚДКБҚ) құрылды. ҚДКБҚ-ның жалғыз акционері жəне құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады. ҚДКБҚ-ның негізгі миссиясы – қаржылық тұрақтылыққа қолдау көрсету жəне екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын жəне заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

    Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сот шешімі бойынша банк қызметі тоқтатылған жағдайда салымшы жеке тұлғаларға олардың банктікдепозиттері бойыншамемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы мөлшерінде өтем төлейді.

    Кепілдік ұлттық жəне шетел валюталарындағы депозиттерге таралады.

    Барынша толық ақпарат www.kdif.kz сайтында

  • Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры нені кепілдендіреді?

    Жеке тұлғалардың, соның ішінде заңды тұлға құрмаған жеке кəсіпкерлердің, ұлттық жəне шетел валюталарындағы банк шоттарында жəне салымдарында орналасқан ақша қаражаттарына кепілдік беріледі, соның ішінде:

    • Мерзімді депозиттер, талап етілгенге дейінгі депозиттер, шартты депозиттер;
    • Ағымдағы шоттардағы жəне төлем карталарындағы ақша қаражаттары.

    Банкті мəжбүрлеп тарату кезінде банк шотының/ депозиттің иесі ол бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы мөлшерінде кепілді өтем алады.

  • Депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы қандай?

    2015 жылғы 27 сəуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру жəне исламдық қаржыландыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сəйкес жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдік сомасы 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтем сомасы өзгермеген.

    Бір салымшының əр банктегі барлық депозиттері мен банктік шоттары бойынша мемлекеттік кепілдік мынаны құрайды:

    10 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,

    5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күні қалыптасқан ва- люта айырбастау бағамы бойынша баламада)

    Егер салымшының бір банкте түрі мен валютасы бойынша əр түрлі бірнеше кепілдендірілген депозиттері бар болса, онда мемлекеттік кепілдік мөлшері 10 миллион теңгеден аспайды.

    Егер Сіздің депозитіңіздің балансы 10 миллион теңге сомадан немесе шетел валютасындағы депозиттеріңіз бен шоттарыңыз бойынша 5 миллион теңгеден (баламамен) асатын болса, онда ҚДКБҚ өтемнің ең жоғарғы сомасы шеңберінде өтем төлейді. Салымшы ҚДКБҚ-нан өтем алғаннан кейін осы сомадан асатын қалдықты мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы заңнамамен бекітілген кезек тəртіппен өтейді.

  • «Кепілдік берілген өтем» дегеніміз не?

    Бұл банк мəжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ-ның белгілі бір салымшыға төлейтін ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңына сəйкес салымшы жеке əр банк бойынша əрбір салымшыға келетін ең жоғарғы мемлекеттік кепілдік сомасынан аспайтын мөлшерде депозит(-тер) бойынша қалдық сомасында, есептелген сыйақысыз, кепілдік берілген өтем алады.

    Егер банктік депозит шартымен капиталдандыру қарастырылған болса, яғни сыйақы (пайыздар) депозиттің негізгі сомасына қосылатын болса, бұл жағдайда мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы шеңберінде депозиттің барлық сомасы кепілдендіруге жатады.

    Егер салымшы шетел валютасында банктік шот ашқан болса, онда банкті мəжбүрлеп тарату жағдайында Қор кепілдік берілген өтемді аталған банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша төлейді.

  • Қай банктерде депозиттерге кепілдік беріледі?

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ҚР Ұлттық банкінен депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың шоттарын ашуға жəне жүргізуге лицензия алған əрбір банк, ислам банктерін қоспағанда, автоматты түрде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, демек осындай банкке орналастырылған депозит ҚДКБҚ-ның қорғауында болады. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктерінің өзекті тізімін www.kdif.kz сайтынан көруге болады

  • Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры нені кепілдендірмейді?

    Заңды тұлғалардың металл шоттары, банк ұяшықтарында орналасқан ақша қаражаттары мен құндылықтары, сонымен қатар ислам банктерінде орналастырылған депозиттер ҚДКБҚ тарапынан кепілдік беруге жатпайды.

  • Бірнеше банкте бөлек орналастырылған депозиттерге кепілдік беріле ме?

    Иə, егер сіз депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің бірнеше қатысушы банкіне депозиттер орналастырған болсаңыз, онда Сіздің депозиттеріңізге мемлекеттік кепілдік сомасының ең жоғарғы сомасы шеңберінде осы əрбір банкте бөлек кепілдік берілетін болады.

  • Сыйақыға кепілдік беріле ме?

    Банктік заңнамаға сəйкес мемлекеттік кепілдік сыйақыға таралмайды, яғни сыйақы мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясымен өтеледі.

    Заңнама бойынша жəне жалпы қалыптасқан банктік тəжірибе бойынша, егер банктік депозит шарты бойынша сыйақыны капиталдандыру қарастырылған болса, онда капиталдандырылған сыйақы депозит балансына қосылады жəне кепілдік объектісі болып табылады.

    Өтем сомасын алдын ала оңай жəне жылдам есептеу үшін www.kdif.kz сайтындағы арнайы калькуляторды пайдаланыңыз.

  • Өтемді өз бетінше қалай есептеуге болады?

    1 мысал

    «А» банкіндегі Сіздің банктік депозитіңіз 400 000 теңгені құрайды, осы «А» банкінің еңбекақы картаңыздағы баланс 50 000 теңгені құрайды. Депозит бойынша сыйақы 10 000 теңгені құрайды, капиталдандыру қарастырылмаған. «А» банкі таратылайын деп жатыр. Мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі 1 қаңтарда күшіне енеді.

    Сот шешімі күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ «Б» банкі кепілдік берілген соманы төлеу үшін агент етіп тағайындалғаны туралы хабарлайды. Сіз жазбаша өтінішпен «Б» банкіне баруыңыз тиіс. Сіздің шоттарыңыздағы қалдықтар бойынша «Б» банкі арқылы Сізге ҚДКБҚ-нан 400 000 теңге + 50 000 теңге сомасында өтем төленетін болады. 10 000 теңге сыйақы сомасын мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы өтейді.

    2 мысал

    «А» банкіндегі сіздің банктік депозитіңіз 11 000 000 теңгені құрайды, осы «А» банкіндегі еңбекақы картаңыздың балансы 50 000 теңгені құрайды. Сыйақы капиталдандырылады; ай басында 90 000 теңге капиталдандырылған, ай басынан бері тағы да 10 000 теңге есептелген. «А» банкі таратылайын деп жатыр.

    Кепілдік берілген 10 миллион теңгені алу үшін Сіз ҚДКБҚ өтемді төлеу үшін агент етіп тағайындаған банкке баруыңыз тиіс. Капиталдандырылған 90 000 теңге депозит бойынша қалдығыңызға қосылған, сондықтан тарату комиссиясы кезек тəртібі бойынша Сізге 1 000 000 теңге + 50 000 теңге жəне ай басынан бастап есептелген 10 000 теңгені өтеп береді.

    3 мысал

    «А» банкінде Сіздің 2 депозитіңіз бар: ұлттық валютадағы депозитте – 4 000 000 теңге, шетел валютасындағы депозитте – 7 000 000 теңге баламада. Сонымен қатар осы банкте Сіздің несиеңіз бар. Несие бойынша сыйақысымен қоса алғанда қалдығыңыз 1 000 000 теңгені құрайды. «А» банкі сот шешімі бойынша таратылайын деп жатыр.

    Кепілдік берілген өтем мөлшері мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы шеңберінде кепілдік берілетін депозиттің сомасын жəне Сіздің несиеңіздің сомасын өзара есептесу нəтижесінде алынған айырмашылық сомасынан анықталады.

    Аталған жағдайда «А» банкімен өзара есептесу жүзеге асырылады, яғни 4 000 000 + 7 000 000 – 1 000 000 = 10 000 000 теңге. ҚДКБҚ «Б» банкін өтемді төлеу үшін агент етіп тағайындайды. Сіз «Б» банкіне жазбаша өтініш білдіруге жəне «Б» банкі арқылы ҚДКБҚ-нан 9 000 000* теңге сомасында өтем алуға құқығыңыз бар. 1 000 000 теңге мөлшеріндегі қалдық соманы Сізге мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы өтейді.

    * шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы балама түрде 5 000 000 теңгені құрайды.

    4 мысал

    «А» банкінде Сіздің 2 депозитіңіз бар: ұлттық валютадағы депозитте – 8 000 000 теңге, шетел валютасындағы депозитте – 3 000 000 теңге баламада. Сонымен қатар осы банкте Сіздің несиеңіз бар. Несие бойынша сыйақысымен қоса алғанда қалдығыңыз 1 000 000 теңгені құрайды. «А» банкі сот шешімі бойынша таратылайын деп жатыр.

    Несие бойынша Сіздің міндеттемелеріңіз есепке алынады, жəне Сіздің өтеміңіздің сомасы мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы шеңберінде Сіздің банкке қоятын талаптарыңыздың жəне несие бойынша міндеттемелеріңіздің айырмашылық сомасын құрайды.

    Аталған жағдайда «А» банкімен өзара есептесу жүзеге асырылады, яғни 8 000 000 + 3 000 000 – 1 000 000 = 10 000 000 теңге. ҚДКБҚ «Б» банкін өтемді төлеу үшін агент етіп тағайындайды. Сіз «Б» банкіне жазбаша өтініш білдіруге жəне «Б» банкі арқылы ҚДКБҚ-нан 10 000 000 теңге сомасында өтем алуға құқығыңыз бар.

Өтемді төлеу
 
  • Төлеу мерзімдері жəне шарттары
    Қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан күннен бастап қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі. 30 күнтізбелік
    күн
    Төлемдердің басталуы, өтінішті қабылдайтын жəне сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап өтемді төлеуді жүргізетін агент банкті анықтау.
    Салымшы өз қала/аймақтағы осы банктің кез-келген жақын орналасқан филиалына баруына болады
    14 жұмыс
    күні
    Салымшының талаптарын растайтын барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап агент банк төлеуді жүзеге асырады. 5 жұмыс
    күні
    БАҚ-да төлемдердің басталуы туралы хабарлама шыққан күннен бастап 6 айдан кейін салымшылар тікелей ҚДКБҚ-на қатынасуға құқылы.  
  • Төлем үшін агент банкке критерийлер
    • Қаржылық тұрақты,
    • Пруденциалды нормативтерді бұзушылықтың болмауы,
    • Шектеулі ықпал етулердің жəне санкциялардың болмауы,
    • Дамыған филиалдық желісінің болуы.
  • Қажетті құжаттар
    • жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқасы;
    • банктік шот/депозит шарттарының жəне қосымша құжаттардың түпнұсқалары жəне олардың көшірмелері.
  • Төлем жолдары
    • кассадан қолма-қол ақшамен,
    • банктік шотқа аудару,
    • агент банкте депозит ашу.
Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!