Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Деловой Казахстан» газеті: Жаңа депозит түрлері


Жақында ғана жарияланған жеке тұлғалардың мерзімді және жинақ салымдарының ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бойынша сұрақтар пайда болды. Хит болған тақырыптың бірі: енді, егер депозитте ақшаны сақтау шарттарын бұзсаңыз, тек сыйақыдан ғана емес, мемлекеттік кепілдіктен айырыласың. Бұл да, басқасы да ақиқатқа сәйкес келмейді: салымдарды сақтандыру жүйесіне қатысушы банктерде орналастырылған жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлық теңгедегі салымдарына, бұрынғыша мемлекет кепілдік береді.

Сонымен қатар нарықта депозиттің жаңа түрі – жинақ салымы пайда болды. Салымдарға кепілдік беру көзқарасымен қарасақ, бұл жинақ түрі ең қолайлы депозит өніміне айналады деп айтуға болады.

― Жаңа ережеге сәйкес, мерзімді және мерзімсіз теңгедегі депозиттер шарттарына байланысты 10,5%-дан 12,5% дейінгі ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесіне ие, ал кепілдіктің ең жоғарғы сомасы 10 миллион теңгені құрайды, жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме 12% басталып 13,5% дейін болады, – деп «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Төрағасы Нұрлан Әбдірахманов түсіндірді. – Жинақ салымдардың барлық жеті түрі үшін кепілдіктің ең жоғарғы сомасы – 15 миллион теңгені құрайды. Барлық депозиттік өнімдер тізіміне қолданылған сараланған әдісті бірден байқауға болады.

Егер салымның алғашқы екі түрі – мерзімді және мерзімсіз - бәрі әдеттегідей болса, онда жинақ депозиттерін қарастырған дұрыс. Олар салымшылар үшін өте тартымды және пайдалы болуы мүмкін. Сонымен бірге, қазақстандық банктердің депозиттік өнімдер тізімін кеңейтуі салымшыларға өз мақсаттарына сәйкес келетін өнімді таңдауға мүмкіндік береді: жай ғана депозитте ұстап және қажет болған жағдайда алуға; жүйелі түрде белгілі бір уақытта толтыруға және ішінара алуға; қандай да бір оқиғаға дейін табыс алу үшін орналастыруға болады.

― Нұрлан Алмасұлы, біз қарапайым тілде барлық салымдарды жинақтау, жинақ деп атадық. Бастапқыда салымшылар кепілдік берудің жаңа ережелері туралы естігенде абыржуы мүмкін. Депозиттік өнімдер тізімінде біркелкілік болмайтындығы енді түсінікті. Және ресми түрде бұрын қолданыста болғаннан түбегейлі айырмашылықпен жинақ депозиттер пайда болды. Жинақ салымдары бойынша мөлшерлеменің және кепілдік берілген соманың жоғары болуы кездейсоқ емес шығар?

― Расында, қазаннан бастап екінші деңгейдегі банктер жинақ салымдарын ұсынуды бастайды. Бұл біздің нарық үшін жаңа депозит түрі. Ол белгілі бір мерзімге жинағын салуға дайын және ақшасын тұтастай және ішінара алуды жоспарламайтын салымшыларға арналған. Жинақ салымына көлемді бір нәрсе сатып алуға және өмірдегі маңызды мақсаттар: отбасылық демалысқа, балалардың оқуына немесе үйлену тойына, ипотеканың бастапқы жарнасына, машина ауыстыруға жинақтап жүрген ақшаны орналастырған тиімді.

― Айқын қатал тәртіп факторы бар - депозиттегі соманы орналастырып, мерзімі аяқталғанға дейін оны қайтарып алуға болмайды ма?

― Ішінара шешуге жол берілмейді. Жинақ салымындағы барлық ақшаны мерзімінен бұрын алу үшін банкке алдын-ала 30 күн бұрын хабардар етіп, жинақ салымы шартын бұзу қажет. Мерзімінен бұрын алған кезде сыйақыны талап еткенге дейін салымдар үшін қолданылатын 0,1%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі төленеді.

― Депозитті толықтыруға болады ма? Әрқашан жоспарланған мақсат үшін бірден депозитке салатын жеткілікті қаражат бола бермейтіндігі түсінікті. Көп жағдайда жинауға тура келеді...

― Иә, бұл категорияда толықтыру құқығы бар салымдар да қарастырылған. Ақшаны бір рет салу арқылы немесе одан әрі толықтыру арқылы жинастыруға болады. Осы талаптардың барлығы шартта көрсетіледі.

― Жинақ салымдардың тиіміділігі неде?

― Салымда орналастырылған ақшаны шарт мерзімі біткенше алмаған жағдайда инфляция деңгейін өтеп қана қоймай, кіріс те алуға болады. Мысалы, үш айға орналастырылған жинақ салымдар бойынша жылдық мөлшерлеме 12%, ал 12 айда – 13%-ды құрайды. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша инфляция 5―7% дәлізде жобаланған. Қазіргі уақытта нарықта сыйақы мөлшерлемелері 12%-дан жоғары депозит өнімдері болмағанын атап өткім келеді. Толтыруға құқығы жоқ жинақ салымдарды үш, алты, 12 айға дейін және 24 айдан көбірек уақытқа ашуға болады. Толықтыру құқығымен - алты айға дейін және 12 айға дейін, сондай-ақ екі жылдан артық мерзімде ашуға болады.

― Жаңа өнім ұсынылуы кепілдіктің ең жоғарғы шегі 10 миллионға жақындап қалған теңгедегі салымдардың өсуіне байланысты ма? 15 миллион теңгедегі жаңа кепілдік деңгейі адамдарға әрі қарай қаражатын жинауға түрткі болады...

― Жалпы алғанда, бұл Ұлттық Банктің болашақта экономиканы долларсыздандыруға, ұлттық валютаға деген сенімділікті арттыруға бағытталған жоспарлы саясаты. Қазақстан нарығында жинақ салымдардың пайда болу мүмкіндігі жайында 2016 жылдан бері талқыланып келе жатыр. Бірақ бірнеше заңнамалық қадамдар қажет болды. Бастапқыда заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың депозиттерін жіктеу қайта қаралды, ал осы жылдың 2 шілдесінде Азаматтық кодекске түзетулер енгізілді. Сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамаға түзетулер енгізілді. Ал 1 қазаннан бастап қазақстандықтар үшін мемлекеттік кепілдіктің сомасы 15 миллион теңге болатын жинақ салымдарын ең жоғарғы мөлшерлемеде ашуға мүмкіндіктер пайда болды. Сонымен бірге ұлттық валютамен салынған салымдардың басқа түрлері бойынша кепілдік сомасы бұрынғы 10 миллион теңге деңгейінде қалды.

― Миллиондаған қазақстандықтарда депозиттер бар. Оларға кепілдік беру ережесінің өзгергені қалай әсер етеді?

― Депозиттің барлық түрлері – мерзімді, мерзімсіз, шартты және талап етілгенге дейінгі депозиттер бойынша салымдар сақталады. 1 қазанға дейін ашылған салымдар мерзімі ұзартылатын сәтке дейін өзгермейді. Бірақ, 1 қазаннан бастап ашылған мерзімді және мерзімсіз салымдарға ашу және қызмет көрсету шарттары өзгереді. Мерзімсіз салымдар – бұл барынша өтімді салымдар, олар сыйақыны жоғалтпастан және кез келген сәтте толықтыру және ішінара алу мүмкіндігін көздейді. 1 қазаннан бастап мерзіміне қарамастан мұндай депозиттің сыйақы мөлшерлемесі 10,5% болады. Мерзімді салымдардың өтімділігі аздау. Мұндай салымдар бойынша ақшаны ішінара мерзімінен бұрын алуға болады, бірақ осыған байланысты сыйақыны ішінара жоғалтады. Енді барлық банктер мерзімінен бұрын шешкен жағдайда сыйақыны төмендетуге міндетті. Ақша салымшының алғашқы талап етуі бойынша берілетін болады, алайда мерзімінен бұрын беру мерзімі салымшы банкке өтініш жасаған сәттен бастап жеті күнге дейінгі мерзімді құрайды.

― Мерзімінен бұрын шешіп алу үшін айыппұл қарастырылған ба?

― Иә. Мысалы, банктің келісім-шартына сәйкес айыппұл сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ын құрауы мүмкін. Мерзімді салымға 100 мың теңге салынды деп есептейік. Оның 12 айдағы жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесі ай сайынғы капиталдандырумен 12 пайыз болады. Депозит 10 айдан кейінгі мерзімде қайтарылып алынса, жинақталған сыйақымен бірге 104 958 теңге сомасында беріледі. Жалпы жинақталған сыйақының 50%-ы – 4 958 теңге. Депозитті мерзімінен бұрын жабуға байланысты банкте қалатын сома 4 958 теңге болады. Бұл айыппұл деп есептесек болады. Егер салым мерзімі біткенде алынса 112 015 теңге төленеді. Оның ішінде сыйақы сомасы – 12 015 теңге.

― Мерзімді салымдар бойынша тағы не өзгерді?

― Мерзімді салымдар үшін де жинақ салымдарындай үш айға және алты айға дейінгі, қоса алғанда бір жылға дейінгі, екі жылдан және одан артық кезеңге белгіленген стандартты кезеңдер қолданылады. Олар үшін сыйақының шекті мөлшерлемелерінің шкаласы бекітілген. Сыйақының шекті жылдық тиімді мөлшерлемесі мерзіміне қарай 11 пайыздан 12,5 пайызға дейінгі мөлшерлемені құрайды. Қоса алғанда бір жылға дейінгі салым 12 пайызға дейін кірістілік әкеледі. Екі жылға және одан артық мерзімге салынған ұзақ мерзімді салымдар бойынша салымшылар 12,5 пайызға дейін кірістілік ала алады.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!