Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша кепілдік

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік

Калькулятор


  • Әр банктегі депозиттер бойынша кепілдік
     

    Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің әр қатысушы банкіндегі Сіздің депозиттеріңіз (салымдары мен шоттары) қорғалған және банк мәжбүрлі түрде таратылған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Сізге:

    • теңгедегі депозит бойынша 10 миллион теңгеге дейін,
    • шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллонға дейін кепілдік өтем төлейді

    (бірақ бір банктегі бір салымшының барлық депозиттері бойынша 10 миллион теңгеден аспайтын)

  • Есеп айырысу қағидалары
     

    Назар аударыңыз!

    • Кепілдік сомасы барлық алулар мен толықтыруларды (соның ішінде – капиталдандырылған сыйақыны) ескеріп, депозиттер (салымдар мен шоттар) бойынша қалдықтар сомасына сүйеніп есептеледі.
    • Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі және шетелдік валютадағы депозиттердегі, ағымдағы шоттардағы, төлем карточкаларындағы ақшаларға кепілдік береді; есептеу кезінде клиенттің бір банктегі барлық шоттарын есепке алу қажет. Тек депозиттердегі сыйақысы есептелмеген нақты қалдықтардың ғана есесі толтырылады.
    • Шетелдік ввалютадағы депозит бойынша кепілді өтемді есептеу үшін калькуляторды толтыру күніне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы пайдаланылады.
  • Несиелерді(қарыздарды) не үшін көрсету қажет?
     

    Егер де Сіздебір және сол банкте қарыздарыңыз бен несиелеріңіз бар болса, кепілді өтем сомасын есептеу кезінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттердегі (салымдардағы және шоттардағы) қалдықтар сомалары және салымшының банк алдындағы өтелмеген міндеттемелері бойынша өзара есеппке алу жүргізеді. Сондықтан, кепілді өтемді аса дәл есептеу үшін осы міндеттемелерді де ескеру қажет.

     

Барлық алулар, толықтырулар, капилатизацияны есепке алумен Сіздің депозитiңiздегi қалдық сомасы

Сіздің депозитіңізге есептелген сыйақы сомасы (банктік салым шарты бойынша капиталдандыру есебінсіз)

Есептелген пайыздар бойынша сіздің ағымдағы шотыныңздағы қалдықтар

Карточкалық шоттағы қалдық

Шоттағы қалдық


Депозиттерге кепілдік беру заңына сәйкес банкті тарату барысында салымшының банк алдындағы талаптары (салымшының барлық депозиттері мен шоттары) мен міндететмелері (егер болған жағдайда) арасында өзара есеп айырысу жүргізіледі, бұл ретте бастапқыда салымшының депозиттерге есептелген сыйақы сомасы (капиталдандырылмаған банк салымының шарттары) мен банк алдындағы міндеттемелері бойынша есеп айырысу жүргізіледі

Осы банктегі қарыздар мен салымшылардың кредиттері

Сіздің соммаңыздың міндеттемелерін шегергендегі өтелген қарыз

Кепілдік берілген өтемнің соммасы: 123232 теңге

Пайдаланушыларға www.kdif.kz интернет-ресурсында онлайн режиміндегі депозиттер бойынша кепілдікті өз бетінше есептеуді ұсына отырып, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ пайдаланушылардан алынған деректер мен статистикалық деректерді үшінші тұлғаларға бермейді, www.kdif.kz интернет-ресурсының «Калькулятор» парағының кірушілерінен алынған деректерді жинақтамайды және өңдемейді. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ www.kdif.kz интернет-ресурсының пайдаланушысының есептеуі негізінде ақшалай өтем бойынша қандай да болсын міндеттемеларды алмайды: депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк мәжбүрлі түрде таратылған жағдайда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның банк салымшысының немесе клиентінің алдындағы міндеттемелері сомасы (кепілді өтем) банктің мәжбүрлі түрде таратылуы (егер салым шетел валютасымен енгізілген жағдайда) туралы сот шешімі күшіне енген күнге қарай қолданылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің айырбас бағамына, жинақталған капиталдандыруға және Қазақстан Республикасының депозиттерге кепілдік беру туралы заңнамасында белгіленген дәлелдеуші құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының депозиттерге кепілдік беру туралы заңнамасында белгіленген басқа да параметрлерге сүйеніп, есептеп шығарылатын болады.



Әр банктегі депозиттер бойынша кепілдік

Жинақталады

Бір банктегі бір салымшы-жеке тұлғаның барлық депозиттері (салымдары мен шоттары)

Жинақталмайды

Бір салымшы-жеке тұлғаның түрлі банктерге салынған депозиттері (салымдары мен шоттары)



Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттерге кепілдік беру жүйесінің әр банкіндегі Сіздердің жинақталымдарыңыздың сақталуына кепілдік береді:

  • 10 миллион теңгеге дейін – теңгедегі депозиттер бойынша,
  • 5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша,

бірақ бір банктегі бір салымшының барлық депозиттері бойынша10 миллион теңгеден аспайтын.




Маманға сұрақ қойыңыз
8 8000 80 10 20 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін)
Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!