Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Қазпошта» АҚ «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ң салымшыларына төлем жүргізуді жалғастырады


«Қазпошта» АҚ 2019 жылғы 5 қарашаға дейін «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ң салымшыларына төлем жүргізуді жалғастырады. «Қазпошта» АҚ мен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жасасқан тиісті агенттік келісімге 2019 жылғы 2 тамызда қол қойылды. Салымшылар – жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер – жинақталған сыйақыны есепке ала отырып, салымдар, ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары бойынша өтемді ала алады. Төлем ҚДКБҚ атынан және оның есебінен жүргізіледі.

Мәжбүрлі таратылатын «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау және өтемдерді төлеу ағымдағы жылдың 5 тамызынан 5 қарашаға дейінгі аралықта тағы үш ай ішінде «Қазпошта» АҚ-ң орталық операциялық учаскелерінде жалғастырылады. «Қазпошта» АҚ-на кепілдік берілген өтемді алуға өтініш білдірмеген салымшылар 2019 жылғы 5 қарашадан кейін өтемді тікелей ҚДКБҚ-нан алуға құқылы.

ҚДКБҚ қаражатынан төлем 258,3 миллион теңгені құрайды, депозиттер сомасының 97%-ы толық көлемде кепілдікпен қамтылған. ҚДКБҚ банктің 272 салымшысының алдында өтемді төлеу бойынша міндеттемелері бар. Таратылатын «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшылары санының аз болуына, сондай-ақ олардың Қазақстанның бес қаласында тұруына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеу осы қалаларда орналасқан «Қазпошта» АҚ-ның орталық операциялық учаскелерінде (ООУ) жүргізіледі:

  • Нұр-Сұлтан: Әуезов көш., 13;
  • Алматы: Бөгенбай батыр көш., 134;
  • Қарағанды: Бұқар Жырау даңғылы, 39;
  • Павлодар: Сәтпаев көш., 50;
  • Петропавловск: Пушкин көш., 61.

Төлем басталған сәттен - 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап, «Қазпошта» АҚ-на өтемді алуға «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның 117 салымшысы өтініш жасады. Өтем жалпы сомасы 257 миллион теңгеге тең – міндеттемелер сомасынан 99%-ы төленді. Негізінен салымшылар төлемнің алғашқы айында өтініш жасаған. Қалған 1%ы - бұл әдетте адамдар алу үшін асықпайтын, шоттардағы шамалы қалдықтар. Әсіресе, кепілдік берілген өтемді алу үшін әлі өтініш жасамаған қалған 155 салымшы арасында, 109 салымшыда (немесе 70%-ы) депозиттегі сомасы бір мың теңгеден аспайды.

ҚДКБҚ 2019 жылғы 16 қаңтарға жинақталған (капиталдандырылған) сыйақыны ескере отырып, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің депозиттері бойынша өтемді төлейді, бірақ депозиттер бойынша шекті сомадан артық емес:

  • 10 миллион теңге – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша;
  • 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша;
  • 15 миллион теңге – теңгеде және шетел валютасында «Эксимбанк Қазақстан» АҚ бір уақытта орналастырылған бір салымшының депозиттері бойынша (шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге баламасынан аспайтын сомада).

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтем теңгеде жүргізіледі: өтем сомасын есептеу үшін валюта айырбастаудың 2019 жылғы 16 қаңтарға нарықтық бағамы қолданылады.

«Қазпошта» АҚ теңгеде өтем төлеуді пошталық ақша аударымымен жүргізеді. «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның салымшылары өтемді төлеу тәсілін таңдау кезінде «Қазпошта» АҚ көрсететін қосымша қызметтерді алуға өтініш жасауға құқылы.

Өтініш беру және өтемді алу үшін салымшыларға өзімен бірге ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжат болған кезде «Қазпошта» АҚ ООУ өтініш жасау қажет. Өтініш бланкісін «Қазпошта» АҚ-ның ООУ – да алуға немесе ҚДКБҚ www.kdif.kz интернет-ресурсының «Салымшыларға» тарауынан электронды бланкісін жүктеп, алдын ала толтыруға болады. Салымшыларды сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүзеге асырылады, сондықтан «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларының құқықтарын растау үшін банктік салым шарты немесе кіріс кассалық ордерлері талап етілмейді.

Депозитордың өкілі өтініш жасаған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі: «Эксимбанк Қазақстан» АҚ – да ашылған депозиттерге (шоттарға) иелік етуге өкілеттіктерді көрсетумен жалпы (бас) сенімхатты, сондай-ақ арнайы немесе бір реттік сенімхатты беруге рұқсат етіледі. Мұрагер өтініш жасаған жағдайда, қосымша мұраға құқығын немесе мұра берушінің ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда салымшының өкілі сенімхатты (апостильмен немесе консулдық растаумен), белгіленген тәртіпте нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасын ұсынады. Салымшының (мұрагердің) өкілінде өзімен бірге жеке басты куәландыратын құжаттың болуы да шарт.

Кепілдік берілген өтем сомасын есептеумен, валюта айырбастау бағамын қолданумен, сыйақыны есептеумен және капиталдандырумен, кепілдік сомасы мен міндеттеме сомасын есепке алумен, сондай-ақ депозит сомасының кепілдік берілген өтемнің шекті мөлшерінің асуымен байланысты мәселелер туындаған жағдайда салымшылар «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның тарату комиссиясына мынадай қалаларда өтініш жасай алады:

  • Алматы: Бөгенбай батыр көш., 80, телефондар: 8/727/ 266 30 87, 8 /727/ 333 42 81, 8 /727/ 333 42 69;
  • Нұр-Сұлтан: Иманов көш., 11 үй Нұрсәулет-1 БО;
  • Павлодар: Кривенко көш., 27, телефон 8 /718/ 270 38 00;
  • Қарағанды: Кривогуз көш., 33, телефон 8/ 721/ 250 61 85;
  • Петропавловск: Жұмабаев көш., 113, телефон 8 /715/ 237 24 15.

Тарату комиссиясына өтініш білдірген «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-да орналастырылған депозиттер бойынша жеке тұлғалардың талаптары 4 кезекке енгізіледі және банктің активтері мен мүлкін сату нәтижелері бойынша өтелетін болады. Ақша 4 кезектің барлық кредиторларының шоттары бойынша тең мөлшерде бөлінетін болады. Тарату өндірісінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мерзімдері банктің активтері мен мүлкінің жеткіліктілігіне және оларды сату нәтижелеріне байланысты.

ҚДКБҚ-ның халықты ақпараттандыру бойынша атқарылған елеулі жұмысына қарамастан, салымшылардың басым көпшілігі, әсіресе, шоттарда шамалы қалдықтары бар салымшылардың төлемге өтініш жасамауы ықтималдылығы сақталуда. ҚДҚБҚ «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның барлық салымшыларын депозиттегі қалдық сомасына қарамастан төлемді алуға шақырады.

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның салымшылары өтемнің төленуі жүргізілетін «Қазпошта» АҚ –ның ООУ жұмыс кестесін, мекенжайлары мен телефондарын «Қазпошта» АҚ 1499 байланыс орталығынан немесе www.post.kz интернет - сайтынан нақтылай алады.

Салымшылар кеңес алу үшін ҚДКБҚ @kdif_ask телеграм-чатына, 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша ҚДКБҚ call-орталығына өтініш жасай алады немесе ҚДКБҚ www.kdif.kz интернет-ресурсына сұраныс қалдыра алады.

Анықтама

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 тамыздағы шешімімен барлық банктік операцияларды жүргізу құқығынан айрылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен (МАЭС) «Эксимбанк Қазақстан» АҚ мәжбүрлі тарату туралы шешім қабылданды. 2019 жылғы 16 қаңтарда Алматы қалалық соты «Қазақтелеком» АҚ-ның «Эксимбанк Қазақстан» АҚ мәжбүрлі тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы МАЭС шешіміне апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Сол күні «Эксимбанк Қазақстан» АҚ мәжбүрлі тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы МАЭС шешімі заңды күшіне түсті.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!