Қаржы есебіне міндетті аудитті жүргізу қызметтері
27.08.2010
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (050040, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, www.kdif.kz, тел/факс: 2720551) ХҚЕС бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың 2010 жылғы жылдық қаржы есебіне міндетті аудитті жүргізу қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі және олардың егжей-тегжейлі ерекшелігі, ХҚЕС бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың 2010 жылғы жылдық қаржы есебіне міндетті аудитті жүргізу қызметтерін көрсетудің талап етілетін мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуеттті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде http://kdif.kz электрондық мекен-жайы бойынша интернет-ресурстан алуға немесе 2010 жылғы 27 қыркүйекте сағат 10:00 мерзімге дейін Алматы қаласы, Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, № 512 кабинет мекен-жайы бойынша сағат 9:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін өтініш беру арқылы және/немесе asset@kdif.kz мекен-жайы бойынша электрондық почтамен алуға болады.
Конвертке желімделген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдер әлеуетті өнім берушілермен 050040, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, № 512 кабинет мекен-жайы бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-қа жіберіледі (жолданады).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2010 жылғы 28 қыркүйек сағат 10:00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, № 509 кабинет мекен-жайы бойынша 2010 жылғы 28 қыркүйек сағат 11:00-де ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы конкурстық комиссияның хатшысы – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның кепілді өтеу төлемдерін ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Кельдинова Лаура Базарбекқызынан алуға болады, тел. (727) 272 – 05 – 49.
Конкурс жабық ← Мемлекеттік сатып алу