Жылдық қаржы есебіне міндетті аудитті және ішкі аудитті жүргізу жөніндегі қызметтер
01.07.2010
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (050040, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, www.kdif.kz, тел/факс: 2720551) ХҚЕС бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 2010 жылғы жылдық қаржы есебіне міндетті аудитті және «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың 2010 жылғы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне бағалауды қоса алғанда ішкі аудитті жүргізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлайды:
1-лот – ХҚЕС бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 2010 жылғы жылдық қаржы есебіне міндетті аудит;
2- лот – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың 2010 жылғы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне бағалауды қоса алғанда ішкі аудит.
Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі және олардың егжей-тегжейлі ерекшелігі, жылдық қаржы есебіне міндетті аудитті және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-қа 2010 жылғы ішкі аудитті жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуеттті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде http://kdif.kz электрондық мекен-жайы бойынша интернет-ресурстан алуға немесе 2010 жылғы 30 шілдеде сағат 10:00 мерзімге дейін Алматы қаласы, Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, № 512 кабинет мекен-жайы бойынша сағат 9:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін өтініш беру арқылы және/немесе laura@kdif.kz мекен-жайы бойынша электрондық почтамен алуға болады.
Конвертке желімделген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдер әлеуетті өнім берушілермен 0500040, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, № 512 кабинет мекен-жайы бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-қа жіберіледі (жолданады).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2010 жылғы 2 тамыз сағат 10:00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, № 509 кабинет мекен-жайы бойынша 2010 жылғы 2 тамызда сағат 11:00-де ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы конкурстық комиссияның хатшысы – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың Методология және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Келдінова Лаура Базарбекқызынан алуға болады, тел. (727) 272 – 72 – 05 – 49.
Конкурс жабық ← Мемлекеттік сатып алу