Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Айқын республикалық қоғамдық-саяси газеті: Ақша керек пе? Қолма-қол алып, қол қойыңыз!


1999 жылы қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайту және қол­дау мақсатында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры құрылған болатын.

Әлемнің 104 елінде депозиттерді сақтандыру жүйесінің әртүрлі нысандары қол­данылады. Аталмыш жүйені ал­ғашқы болып Америка Құрама Штаттары құрған болатын. Оның құрылуына түрткі болған – елдегі экономикалық дағдарыс.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының беретін ке­пілі – егер банк мәжбүрлі түрде таратылатын болса, салымшы жеке тұлғалардың, жеке кәсіп­кер­лердің ұлттық немесе шетел ва­лютасындағы депозитке салынған қаражаты мемлекет белгілеген мөл­­шерде, яғни 10 миллионға дейін ұлттық валютада және 5 мил­лион теңге көлемінде шетел ва­лю­тасында қайтарылады. Сонымен қатар салымшылардың қаражаты қай банкте болмасын қайтарылады.

Қазіргі таңда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәжбүрлі түрде таратылған «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына қосымша өтемдерді төлеп болды. Бұл туралы және қордың басқа да жетістіктері жөнінде оның төрағасы Бақыт Қоғылов айтып берді.

– Бақыт Бектұрғанұлы, осы жазда Валют-Транзит Банк са­лымшыларына қосымша кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі мәре­сіне жетті, бұл шара қалай жүзеге асырылды?

– Валют-Транзит Банктің жеке тұлға-салымшыларына төленетін өтемнің ең жоғары сомасы 700 мың­нан 5 миллион теңгеге дейін артты. Өтем көлемінің артуына себеп болған 2015 жылдың 1 та­мызында күшіне енген заң жоба­-сы болатын. Оған сай банк са­лымшылары, яғни 4995 адам, депозиттері бойынша 5 миллион теңгеге дейін қосымша сыйақы­-сыз өтемақы алуға құқылы. Нәти­жесінде, аталмыш банктің са­лым­шыларына төлейтін кепілдік берілген өтемнің жалпы сомасы 4,25 млрд теңгені құрады.

Өтемді төлеу үрдісіне келер болсақ, қор оны бүге-шігесіне дейін межелеп қойған. Өткен жылдың 10 тамызынан бастап, 2016 жылдың 10 тамызына дейін Валют-Транзит Банк салым­шы­ларына қайтарылатын кепілдік бе­рілген өтем «Банк ЦентрКредит» АҚ банк-агент арқылы төленіп келді, яғни өз қаражатын алу үшін салымшы банктің кез келген бө­лімшесіне барып, өтініш беруге тиіс болатын.

Бірақ өтемді төлеу әлі аяқталған жоқ, үстіміздегі жылдың 11 та­мызы­нан бастап бұл жұмысты қор өз мойнына алды. Қазіргі таңда банк салымшыларының 93%-на өтем төленді.

Қазіргі таңға дейін өтініш бер­меген салымшылардың арасында тұрғылықты орнын ауыстырған азаматтардың да бар екендігін атап өту керек. Сонымен қатар салым­шы қайтыс болып, мұрагерлері оның депозиті бар екенін білмеуі де мүмкін. Осыған байланысты Қор ондай азаматтармен байланысқа түсе алмай отыр. Сонда да Қор олар­­ды іздеу жұмысын тоқтат­пайды.

Жалпы алғанда, Валют-Транзит Банк салымшыларына қосымша өтем төлеудің өзі айрықша жағ­-дай, өйткені әлем тәжірибесін­де мұндай оқиға болмаған. Атал­мыш шара банк салымшылары ара­сын­да түсініспеушіліктің, әлеу­меттік қақтығыс пен кикілжіңді бол­­­дырмау мақсатында жасал­ды. Себебі, Қарағанды қала­сын­дағы салым­шылар өз наразылығын бірнеше мәрте білдірген болатын. Сон­дық­тан осы жұмыс табысты орын­дал­ды, өйткені депозиттерге мін­детті кепілдік беру жүйесінің не­­гізгі мақсаты банк жүйесіне де­ген сенімді қолдау болып табы­лады.

– Сіз қазіргі кезде барлық қо­сымша өтемдерді тікелей жүргізіп отырмыз дедіңіз, ол қалай орын­далады?

– Өтемдерді төлеуді біз салым­шылар мен олардың мұрагерлері­-не мейлінше ыңғайлы етуге ты­рысамыз, яғни барлық қаражат өтініште көрсетілген банк шотына аударылады. Мұндай өтінішті жеке тұлға немесе оның заңды өкілі жеке куәлігінің көшірмесін және банкте есепшот ашқаны туралы анықтамамен бірге ұсынуы керек. Егер ол адам мұрагер немесе се­німхат арқылы келген болса, онда мұрагер екендігін растайтын құ­жаттың немесе қаражатты алуға сенім білдірілген сенімхаттың түп­нұсқасын көрсетуі тиіс.

Сонымен қатар өтемақыны алу үшін қашықтықтан, яғни пошта арқылы өтініш беруге де болады. Мұндай жағдайда жеке куәлігінің көшірмесін нотариалды түрде куә­ландыру қажет. Жалпы алғанда, салымшылар қаражатын қайтарып алу үшін осы шараларды орындаса болғаны.

– Жуырда қордың осындай же­дел қимылы туралы халықаралық сарапшылардың назарын аудар­-ғаны туралы ақпарат тарады, бұл рас па?

– Иә, рас. 2015 жылдың нәти­жесі бойынша біз әлемнің 77 елінде депозиттерді сақтандыру бойынша қызмет ететін 83 ұйымның басын қосатын Депозиттерді сақтандыру жүйесінің Халықаралық қауым­дастығының «Салымшыларға ке­пілді өтемді төлеу және пробле­малы банктердің дәрменсіздігін реттеу саласындағы жетістіктері» номинациясы бойынша «2015 жыл­дың депозиттерді сақтан­ды­ру ұйымы» деген беделді ха­лықа­ралық марапатқа ие болдық. Біз мұны мақтан тұтамыз және де бұ­ны­мен тоқтап қалмаймыз.

– Яғни тапқан-таянғанымыз­ды депозитке қорықпай сала беруге бола ма?

– Әрине. Қазіргі кезде Қазақ­стандағы салымға кепілдік беру жүйесі әлемдік стандарттарға сай келеді және әрі қарай да жетіл­діріледі.

Қор ретіндегі біздің мақсаты­мыз – банк мәжбүрлі түрде тара­тылған жағдайда еш кедергісіз қаражатты кепілді түрде қайтару және салымшы үшін ыңғайлы күй­де жүргізілуі, бұл біздің қолы­мыз­да, біз оны орындай аламыз. Депо­зитті сақтандыру жүйесіне қаты­-
сушы-банктер мәжбүрлі түрде тара­тылатыны туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен бастап 14 күннен кейін салымшы кепіл­-дік берілген өтемді алуға мүмкіндік алады. Қордың жұмысы және оның кепілдіктері туралы толық ақпа­рат­ты Қор сайтынан – www.kdif.kz оқи аласыздар.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Ермек ЖАНАБЕКОВ

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!