Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

2009 жылы 27-28 мамырда Алматы қаласындағы «ИнтерКонтиненталь Алматы» қонақ үйінде Азия аймақтық комитетінің жетінші жылдық жиналысы және Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйесі қауымдастығының (International Association of Deposit Insurers, IADI) Халықаралық конференциясы болып өтті


2009 жылы 27-28 мамырда Алматы қаласындағы «ИнтерКонтиненталь Алматы» қонақ үйінде Азия аймақтық комитетінің жетінші жылдық жиналысы және Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйесі қауымдастығының (International Association of Deposit Insurers, IADI) Халықаралық конференциясы болып өтті.
Бұл іс-шараларға IADI қауымдастығының Бас хатшысы Дональд Инско мырза (Швейцария), IADI Азия аймақтық комитетінің Төрағасы Мутсуо Хатано мырза (Жапония), Дүние жүзілік банктің Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің аймақтық секторының үйлестірушісі Андреа Далл’Олио мырза, депозиттерді сақтандыру жөніндегі ұйымдардың жетекшілері – IADI Азия аймақтық комитетінің мүшелері: Вьетнамның, Гонконгтың, Үндістанның, Индонезияның, Малайзияның, Корея Республикасының, Ресейдің, Сингапурдың, Тайваньның, Таиландтың, Филиппинның, Жапонияның, сондай-ақ Әзірбайжанның, Болгарияның, Иорданияның, Қырғыз Республикасының, Польшаның, АҚШ-тың, Танзанияның өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан спикерлер ретінде конференцияда Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Григорий Марченко мырза мен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Төрайымы Бақыт Мәженова ханым сөз сөйледі.

Конференцияның тақырыбы - «Банк банкрот болған кездегі Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің негізгі жауапкершілігі». Конференцияға қатысушылардың сөйлеген сөздері мен пікірталастарында түрлі елдердің қаржы дағдарысымен күрестегі іс-шаралары, оның ішінде депозиторларды қорғау жөніндегі іс-әрекеттері, түрлі елдердің депозиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырудағы тәжірибесі, Депозиттерді Сақтандырушының өтем төлеу және активтерді қалпына келтіру жолдары сияқты және т.б. көптеген мәселелер қамтылды. (Конференцияның материалдары)

Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелерінің қауымдастығы нұсқаулар әзірлеу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолымен депозиттерді сақтандыру жүйелері қызметінің тиімділігін қолдау мақсатымен 2002 жылы құрылған болатын. Қазіргі кезде IADI 75 қатысушыны, оның ішінде депозиттерді сақтандыру жөніндегі 52 ұйымды, 6 Орталық банкті – қауымдастық мүшелерін, 12 ұлттық және халықаралық қаржы ұйымдарын және басқаларын біріктіріп отыр.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы 2003 жылдан IADI–ге мүше. Қор IADI шеңберінде Зерттеу комитетінің, Жоспарлау және қаржы комитетінің, Аудиторлық комитетінің, сондай-ақ Азия және Еуразия аймақтық комитеттерінің жұмысына қатысып келеді. Қордың Төрайымы Бақыт Маженова IADI-дің Қазынашысы және Атқару комитетінің мүшесі болып табылады.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!