Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

2016 жылғы 10 тамызда «Банк ЦентрКредит» филиалды желісі арқылы Валют-Транзит Банк салымшыларымен қосымша есептесулер мерзімі аяқталады


Депозиттері 700 мың теңгеден асқан Валют-Транзит Банк салымшылары ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін кепілдікті өтеудің қосымша төлемдерін алу үшін өз қаласындағы Банк ЦентрКредит бөлімшесіне жүгіне алады. Заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес олар үшін төлемдердің максималды мөлшері 700 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Банк ЦентрКредит филиалды желісі арқылы 2015 жылдың 10 тамызынан бастап 2016 жылдың 10 тамызына дейін қосымша төлемдерді жүзеге асырады. Бөлімшелердің тізімі мен мекенжайлары www.kdif.kz ресми интернет-сайтында жарияланған. Төлем Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қаражаттарынан жүзеге асырылады. Міндеттемелердің жалпы сомасы – 4,25 млрд. теңге. Ағымдағы жылдың шілдесінің басындағы жағдай бойынша 4 332 салымшы жалпы сомасы 3,94 млрд. теңгеге өтем алды, бұл міндеттемелердің жиынтық сомасынан 92,6% құрайды.

Бақыт Қоғылов, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы: «Валют-Транзит Банктің банкрот болуына алып келген бірқатар факторлар бұл банктің активтерін жою үдерісін және салымшылар мен кредиторлар алдындағы оның міндеттемелері бойынша жұмысты қиындатты. Сондықтан өткен жылы Үкімет депозиттері 700 мың теңгегеден (бұл 2007 жылға кепілдіктердің шегі) асқан салымшылармен қосымша есептесулер жүргізу туралы шешім қабылдады. Біз қосымша есептесулерді аяқтаған кезде, тарату комиссиясының 223 салымшының алдында міндеттемелері қалады. Сондықтан Валют-Транзит Банк салымшыларының басым көпшілігі өз ақшасын толық көлемде қайтарды деуге болады».

10 тамыздан кейін өтемді алып үлгермеген салымшылар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен тікелей хабарласқаны жөн.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!