Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

16–20 шілдеде Алматыға Кореяның депозиттерді сақтандыру корпорациясы (KDIC) өкілдері келді


16–20 шілдеде Алматыға Кореяның депозиттерді сақтандыру корпорациясы (Korea Deposit Insurance Corporation, KDIC) өкілдері мен IT-консалтинг саласындағы KDIC серіктестері келді. Алматыға арнайы келген KDIC делегациясы құрамында KDIC вице-президенті мен консалтингтік компаниясының жоба жетекшісі болды.

Бұл сапарда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының «Сандық ҚДКБҚ» ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруды бастады, оның бір бөлігі ҚДКБҚ – KDIC жобасы болып табылады, ол KDIC консультациялық қолдауымен салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу саласындағы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ақпараттық жүйелерін жетілдіруге бағытталған. Жалпы жоба уақыты 2018 жылдың шілдесі мен қараша айын, яғни 5 айды қамтиды. Осы жоба барысында KDIC өкілдерінің 3 рет Алматыға келуі күтіледі.

Сапар барысында, 16–20 шілдеде, KDIC кеңесшілері кепілдік берілген өтемді төлеу саласындағы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының бизнес-процестерін қарады, IТ-инфрақұрылымына баға берді және осы бизнес-процестерді тиімді жүзеге асыру үшін аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету платформасында ұсыныстар айтты.

19 шілдеде KDIC және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдерінің қатысуымен жоғары деңгейдегі келіссөздер ұйымдастырылды. ҚРҰБ-нен Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Тутушкин В.Т., Қаржылық тұрақтылық департаментінің директоры Хакимжанов С.Т., Банктерді қадағалау департаменті директорының орынбасары Рысымбетов Б.Х. қабылдады.

«Сандық ҚДКБҚ» – 2017–2019 жылдарға арналған бизнес-процестер мен қызметтерді цифрландыру саласындағы ҚДКБҚ-ның ауқымды бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты - заманауи цифрлы әлемдегі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қызметтері мен жұмысының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Ағымдағы жылы Бағдарлама шеңберінде ҚДКБҚ Корея Республикасының техникалық көмек бағдарламасына қатысуға өтініш берді, оның ішінде KDIC – операторлардың бірі және серіктес ретінде таңдалды. KDIC өзінің ақпараттық инфрақұрылымының мысалын қолдана отырып, ҚДКБҚ-на ақпараттық жүйелерінің басты жоспарын әзірлеуде консультациялық көмек көрсетеді.

Жобаның шеңберінде KDIC тәжірибесін қолдану, кепілдік берілген өтемді төлеуді жақсарту үшін заманауи технологияларды пайдалана отырып инновациялық жобаларды іске асыру, қызметтерді цифрлау, бизнес процестерді автоматтандыру және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жоспарлануда.

Іс-сапарларды ұйымдастыруға және Алматыдағы KDIC тарапынан жоба тобының болуына байланысты барлық шығындарды Корея Республикасы көтереді.
Корея Республикасы цифрландырудың ұлттық бағдарламаларын сәтті жүзеге асыратын әлемнің 15 елінің бірі. MasterCard компаниясының Digital Evolution Index 2017 нәтижеcі бойынша, цифрлы экономиканы дамытудағы прогресті және Интернетті миллиардтаған адамдардың өміріне енгізу прогрессін көрсете отырып, Корея Республикасы рейтингтің 7-ші орнына (рейтингке 60 ел қатысады) ие. Корея Республикасының жалпы ішкі өніміндегі ақпараттық технологиялардың үлесі 9% құрайды.

ҚДКБҚ KDIC басшылығына және жоба тобына цифрландыру бойынша әлемдік көшбасшы – Корея Республикасының тәжірибесін зерттеу және ынтымақтастық мүмкіндігіне ие болғаны үшін үлкен алғысын білдіреді. KDIC-ке консультациялық қолдау және тәжірибе мен пікір алмасу арқылы ҚДКБҚ қызметінің тиімді, заманауи цифрлық платформасын құруға көмектеседі деп сенеміз.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!