Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

13 тамызда «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларына агент банк «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы өтемді төлеуді аяқтайды


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларына агент банк «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалдық желісі бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуді аяқтайды. Салымшылар 13 тамызға дейін агент банкке төлеу туралы өтініш бере алады. Көрсетілген уақыттан кейін «Қазинвестбанк» АҚ салымшылары ҚДКБҚ тікелей жолығу қажет.

«Банк ЦентрКредит» АҚ «Қазинвестбанк» АҚ активтері мен міндеттемелерін иеленуші банк «Альфа-Банк» ЕБ АҚ бір мезгілде бергеннен кейін клиенттердің шоттарында оң қалдықтар қалыптасқан соманы төлеу үшін агент банк болып тағайындалып, жарты жыл ішінде, 13 ақпаннан бастап филиалдар желілері арқылы жеке тұлғалардың өтініштері қабылдап әрі өңдеді, агенттік келісім негізінде ҚДКБҚ-ның қаражаты есебі мен атынан кепілдік берілген өтемді төледі.

Төлем басталған кезден «Қазинвестбанк» АҚ-ның 70 салымшысына кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің жалпы сомасы 2,07 миллион теңгені құрады. Олардың ішінде 8 салымшыға кепілдік берілген өтемнің жалпы сомасы 1,81 миллион теңге немесе төлеуге жататын жалпы соманың 87,6%-ы өтелді. Талап етілмеген соманың көлемі 256 мың теңге.

13 тамыздан кейін кепілдік берілген өтемді жеке немесе пошта арқылы төлеу бойынша өтініш бере алады. Салымшы жеке өзі келгенде белгіленген нысанда өтемақы төлеуге өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын беру қажет. Салымшының өкілі келген жағдайда – нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы беру қажет. Пошта арқылы өтініш жасаған кезде өтініш беруші ең аз құжаттар пакетін жіберуі тиіс: белгіленген нысанда өтемақы төлеу туралы нотариалды куәландырылған өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтініш бланкісі ҚДКБҚ www.kdif.kz интернет-ресурсында қолжетімді. ҚДКБҚ мамандарынан ақыл-кеңесті 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін); +7 (727) 312 24 40, +7 (727) 312 24 41 (Алматы қ.) телефон нөмірлері арқылы алуға болады. ҚДКБҚ мамандары сондай-ақ Телеграм мессенджерінде ақыл-кеңес бере алады: 27 маусымнан «KDIF | Сұрақтар мен жауаптар» чаты қолданыста. Жеке және пошталық жүгіну мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Достық даңғ. 136 («Пионер-3» БО), 8 қабат.

«Қазинвестбанк» АҚ активтері мен міндеттемелерін иеленуші банк «Альфа-Банк» ЕБ АҚ берген күннен бастап шоттарында оң қалдығы қалыптасқан жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өтемді алуға құқығы бар. Төлемнің ең жоғары сомасы:
• ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін,
• шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.

Анықтама

2016 жылы 26 желтоқсанда «Қазинвестбанк» АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айрылды. «Қазинвестбанк» АҚ Уақытша әкімшілігімен және «Альфа- Банк» ЕБ АҚ арасындағы 2017 жылдың 19 мамырдағы шартына сәйкес портфель міндеттемелері, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттері, «БЖЗҚ» АҚ активтері «Альфа-банк» ЕБ АҚ берілді. 2018 жылдың 24 қаңтарында «Қазинвестбанк» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді. Заңнамаға сәйкес көрсетілген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде – 2018 жылдың 13 ақпанында – ҚДКБҚ «Қазинвестбанк» АҚ активтері мен міндеттемелері «Альфа-банк» ЕБ АҚ өткен күннен бастап қалыптасқан ақша қалдықтарын «Қазинвестбанк» АҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлері алдындағы міндеттемелері бойынша төлемін бастайды. Конкурстың қорытындысы бойынша «ҚДКБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 7 ақпандағы шешімімен «Банк ЦентрКредит» АҚ төлеу бойынша агент банк болып тағайындалды.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған ұйымы.

Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде – барлық салымдар түріне, төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы ақшаға) кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.

Кепілдік жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Кепілдіктің ең жоғары сомасы бір салымшыға бір банк үшін ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі баламада).

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылы 16 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ұлттық валютадағы жинақ салымдар бойынша кепілдік 15 миллион теңгені құрайды.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!